• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2011

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлауалды үгіт жүргізу

645 рет
көрсетілді

Мемлекет азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге кедергісіз сайлауалды үгіт жүргізу құқығына кепілдік береді. Сайлауалды үгiт – сайлаушылардың Қазақстан Рес­публикасы Президенттігіне белгiлi бiр кан­ди­дат­ты (бұдан әрі – кандидат) жақтап немесе қарсы дау­ыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қыз­мет («Қазақстан Республикасындағы сайлау ту­ра­лы» Конституциялық заңның 27-бабының 1-тар­мағы (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң). Бұқаралық ақпарат құралдарындағы сай­лауал­ды үгiт деп: 1) кандидаттарды жақтап немесе қарсы дауыс беруге шақырған үндеулерді; 2) сайлаушының қандай да бiр кандидаттарға қа­­тысты артықшылық жасауын, соның ішінде, кан­ди­­даттардың қайсысына дауыс беру керектігін көрсетуді; 3) кандидаттардың сайлану немесе сайлан­бауы­­ның мүмкiн деген салдарларын сипаттауды қамт­итын бұқаралық ақпарат құралдары материал­дарын шы­ғару (эфирге шығару) жөніндегі қызмет танылады. Мыналарға: 1) мемлекеттiк органдарға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, сондай-ақ қызметтік мiндетте­рiн орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына; 2) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың әскери қызметшiлерiне, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен судьяларға; 3) сайлау комиссияларының мүшелерiне; 4) діни бiрлестiктерге сайлауалды үгiт жүргiзуге, кез келген сайлауалды үгiт материалдарын тара­туға тыйым салынады (сайлау туралы Консти­туциялық заңның 27-бабының 4-тармағы). Мемлекеттiк органдардың лауазымды адам­да­ры болып табылатын кандидаттарға өзiнiң лауа­зым­дық немесе қызмет жағдайының артықшы­лықтарын пайдалануға тыйым салынады. Мыналар: 1) бағынышты немесе басқа да қызмет жағынан тәуелдi адамдарды, аталған адамдар кандидаттың сенiм бiлдiрген адамдары ретiнде үгіттi жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, сайлауалды үгіт жүргiзуге тарту; 2) кандидаттың сайлануына септiгiн тигiзетiн қыз­меттi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдар орналасқан үй-жайларды пайдалану, егер өзге кан­дидаттарға аталған үй-жайларды осындай шарттармен пайдалануға кепiлдiк берілмесе, лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пай­далану деп ұғынылады (сайлау туралы Конс­титу­циялық заңның 27-бабының 5-тармағы). Барлық Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың үгіт материалдары бұқаралық ақпа­рат құралдарында тек 2011 жылғы 3 наурыздан бастап 1 сәуір күнгі 24.00-ге дейін орналастырыла ала­ды (сайлау туралы Конституциялық заңның 27-бабының 2-тармағы). Тыйым салынған кезеңде сайлауалды үгіт жүр­гізу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 99-бабы бойынша жауапкершілік жүктейді, Қазақ­стан Республикасы Президенттігіне кандидат­ты тіркеуден бас тартуға немесе тіркеу туралы ше­шім­нің күшін жоюға (сайлау туралы Конститу­ция­лық заң­наң 59-бабының 7-тармағы 3)-тармақшасы), сон­дай-ақ сайланған тұлғаны тіркеуден бас тартуға (сай­лау туралы Конституциялық заңның 66-ба­бы­ның 2-тармағы 2)-тармақшасы) негіз болады. Кандидаттардың сайлауалды үгiт жүргiзуi үшiн бұқаралық ақпарат құралдарына бірдей қолже­тім­ділігіне кепiлдiк берiледi (сайлау туралы Консти­туциялық заңның 28-бабының 2-тармағы). Сайлау күнi және оның қарсаңындағы күнi үгiт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға (эфирге шығаруға) тыйым салынады (сайлау туралы Конституциялық заңның 27-бабы­ның 2-тармағы). Сайлауалды үгiт кезеңiнде кандидаттардың сай­лауалды үгiтiне байланысты мерзімді баспа ба­сылымының таралымы барлық кандидаттар үшін бірдей болуға тиіс. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы кан­дидаттардың сайлауалды бағдарламаларын, егер олар Республиканың конституциялық құры­лы­сын күш­теп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауiп­сiз­дiгiне нұқсан келтiру, әлеуметтiк, нәсiл­дiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араз­дық­ты қоздыру, қаты­гездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскери­лен­дi­рiл­ген құрылымдар құру идеяларын уағыздайтын болса, жариялаудан (эфирге шығарудан) бас тар­та­ды (сайлау туралы Конституциялық заңның 29-бабының 1-тармағы). Бұқаралық ақпарат құралдары редак­ция­лары­ның лауазымды тұлғалары кандидаттардың олар­дың сайлау алдындағы науқан барысында айтқандары үшiн, Конституциялық заңның 29-ба­бында көрсетiлген материалдарды жариялау жағдайларын қоспағанда, жауап бермейдi. Қандай да бiр адамның бейнесiн – оның жазбаша келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда мұ­рагерлерiнiң жазбаша келiсiмiнсiз пайдалану арқы­лы сайлауалды үгiт жүргiзуге тыйым салынады (сайлау туралы Конституциялық заңның 27-бабы­ның 10-тармағы). Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, соның iшiнде безендiрiлген мате­риал­дарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгi­лер­дi, жалауларды, жалаушаларды тегiн таратуды қос­пағанда, сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарт­тарымен тауарлар, бағалы қағаздар беріп, қыз­меттер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайы­рымдылық акцияларын өткiзу, ақша төлеу болмаса осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдын­дағы үгiттi жүргiзу сайлауалды жөнсiз үгіт деп саналады. Сайлауалды жөнсiз үгіт жүргiзуге тыйым салынады. Сайлау тағайындалған кезден бастап, канди­даттарға, сондай-ақ олардың атынан немесе олар­ды қолдап кeз келген жеке және заңды тұлғаларға, ойын-сауық және спорттық iс-шараларын ұйым­дас­тыруды қоспағанда, қайырымдылық iс-шараларын өткiзуге тыйым салынады (сайлау туралы Конституциялық заңның 27-бабының 9-тармағы). Сайлауалды үгіт жүргізу құқығына кедергі келтіргені және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлауалды үгіт жүргізу шарттарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 99-1, 105-баптары). Кандидаттардың сайлауалды бағдарламалары­мен сөз сөйлеуі үшін мемлекет қаржыландыратын эфир уақыты мен баспасөз бетiнен орын беру шарттары Мемлекет кандидаттарға өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен Қазақстан Республикасы аумағын қамтитын теле- және радиокомпа­ния­лардың эфирінде, он бес минөт көлемінде (алдын ала жазып алынған) – теледидардан, он минөт көлемінде – радиодан сөз сөйлеуіне бiрдей қаражат бөлiнуіне кепiлдiк бередi. Мемлекет кандидаттарға мерзімді баспа басы­лым­дарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екi мақала жариялауына бiрдей қаражат бөлiнуiне ке­пiлдiк бередi. Баспа табақ деп форматы 60х90 см, көлемi 5400 см қағаз бетiн түсiну керек. Көлемi 0,1 баспа табақ 540 см2 көлемге тең болады, яғни А-2 фор­матындағы газет бетiнiң 1/4 құрайды (сайлау ту­ралы Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағы) . Кандидаттарға өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшiн эфир уақытын және мерзiмдi баспа басылымдар бетiнен орын беру үшін кандидаттың куәлiгi мен шығуын (эфирге шығуын) жүзеге асы­ратын бұқаралық ақпарат құралы басшысының атына жеке жазбаша өтiнiшi не кандидат уәкілдік берген заңды немесе жеке тұлғаның растайтын қажетті құжаттарды қоса берілген өтініші негiз болып табылады. Тіркелген кандидаттарға шарттық негізде эфир уақыты мен баспа басылымынан орын беру тәртібі Бұқаралық ақпарат құралдарының редакция­ла­ры тiркелген кандидаттарға шарттық негiзде эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бередi. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарға эфир уа­қы­тын, баспасөз бетiнен орын беру туралы шарттың талаптары белгiлi бiр кандидатқа артықшылық туғызбауға тиiс. Эфирден және баспасөзден орын беру төлемiнiң мөлшерi, шарттары мен тәртiбi ту­ралы мәлiметтердi тиiстi телерадиохабарларын тарату ұйымы, мерзiмдi баспа басылымының редак­ция­сы сайлаудың тағайындалғаны туралы шешiм ресми жарияланғаннан кейiнгi оныншы күннен ке­шiктiрмей хабарлауға және жариялауға тиiс, сон­дай-ақ Қазақстан Республикасының Орталық және облыстық сайлау комиссияларына беруі керек. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы кан­дидаттардың бiрiне эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге берген келiсiмi басқа да кандидаттарға эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге келiсiм беруi болып табылады. Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құрал­дарына шығуының кезектiлiгi жазбаша өтiнiштердiң келiп түсу ретiмен не егер өтiнiштер бiр мезгiлде келiп түссе, жеребе бойынша белгiленедi. Кандидаттар жазбаша өтiнiштерiнде өздерiнiң сөйлеуiнiң болжаулы күнiн, уақытын көрсетедi. Осы ұсыныстардың негiзiнде бұқаралық ақпарат құрал­дарының редакциялары кандидаттардың сөз сөйлеуі үшін эфир уақыты мен баспа орындарын беру кестесiн белгiлейдi. Кандидаттардың теледидар мен радиода сөй­леп жатқан сөздерiн бөлуге және сөйлеген сөз­де­рi­не дәл сол күнi iле-шала, сондай-ақ, мерзімді баспа басылымдарындағы сөздерiне сол нөмiрде тү­сiнiк­теме жасауға тыйым салынады (сайлау туралы Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағы). Мерзiмдi баспа басылымдарының, теле- және радио хабарларын тарататын ұйымның кандидат­тар­дың сайлау алдындағы үгiтi мазмұндалған бар­лық жарияланымдары қаржыландырудың көздерi туралы ақпаратты қамтуға тиiс. Хабарландыру тәсiлiн бұқаралық ақпарат құралы редакциясының өзi белгiлейдi. Кандидаттардың үгіт материалдарының шығу (эфирге шығу) құны кандидаттың сайлау қорының қаражатынан төленедi. Құны кандидаттың сайлау қорынан өзге қара­жат есебінен төленген кандидаттардың үгіт мате­риалдарын шығаруға (эфирге шығуға) жол берілмейді (сайлау туралы Конституциялық заңның 28-бабының 7-тармағы). Сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқы­лы ақпараттық қамтамасыз ету Сайлауды ақпараттық қамтамасыз етудi мем­лекеттiк билiк органдары, сайлау комиссиялары, бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан Респуб­ликасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Орталық және жергілікті атқарушы орган­дар­дың мерзімді баспа басылымдарының редакция­ла­ры тиiстi сайлау комиссияларына сайлау науқа­нының барысы туралы ақпаратты және сайлау туралы заңмен белгiленген хабарларды кiдiрiссiз жариялауға мүмкiндiк туғызады (сайлау туралы Конституциялық заңның 27-бабының 7-тармағы). Осы хабарлар мемлекеттiк емес бұқаралық ақ­парат құралдарында, олардың редакциялары келi­сiмiн берсе, жариялануы мүмкiн. Бұл жағдайда жариялау тиiстi сайлау комиссиясы берген көлемде жүзеге асырылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияла­ры кандидаттардың сайлау науқанын объективтi түрде жариялауды жүзеге асырады; кандидаттың ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк бе­де­лiне көрiнеу нұқсан келтiретiн үгiт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болады; өтiнiш келiп түскеннен кейiн мерзімді баспа басы­лы­мының таяудағы нөмiрiнде сол бетте, сондай кө­лемде және сол қарiппен немесе теледидар не радио хабарларында жиырма төрт сағат iшiнде сондай уақытта аталған адамдарға ар-намысын, қадiр-қасиетiн және iскерлiк беделiн қорғауы үшiн терiске шығаруды тегiн жариялауына мүмкiндiк береді (сайлау туралы Конституциялық заңның 27-бабы­ның 7-тармағы). Бұқаралық ақпарат құралдарының редак­ция­ла­ры кандидаттың сайлау науқанын жария еткен кезде кандидаттардың қызметi туралы жариялауда олар­дың ешқайсысына артықшылық туғызбай, тең­дiк және тепе-теңдiк принциптерiн басшылыққа алады. Бұқаралық ақпарат құралдары барлық канди­дат­тар­ды ұсыну, оларды сайлау комиссияларының тіркеуі жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты баспасөз бетінде, эфир уақытының көлемі бойынша бірдей таратуға міндетті (сайлау туралы Конституциялық заңның 27-бабының 7-тармағы). Кандидаттар не олардың сенiм бiлдiрген адам­дары болып тiркелген журналистердiң, бұқаралық ақ­парат құралдары редакциялары лауазымды адам­да­рының сайлауды бұқаралық ақпарат құрал­дары ар­қы­лы көрсетуге қатысуына құқығы жоқ (сайлау ту­ра­лы Конституциялық заңның 27-бабының 6-тармағы). Сайлаумен байланысты қоғамдық пiкiрге сұрау салу нәтижелерiн жариялаған кезде бұқаралық ақ­п­арат құралдарының редакциялары сұрау салуды жүргiзген ұйымды, сұрау салуды жүргiзуге тап­сы­рыс берген және оның ақысын төлеген адамдарды, сұрау салу жүргiзiлген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрау салудың нақты тұжырымын, сұрал­ғандардың саны мен сұрау салу нәтижесiнiң қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi. Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пiкiрге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтиже­ле­рi­нiң болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi дауыс берiлетiн күн алдындағы бес күн iшiнде және дауыс берiлетiн күнi жариялауға жол берiлмейдi (сайлау туралы Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы).