• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2011

Кандидаттың облыстық штабы құрылды

456 рет
көрсетілді

Қостанайда ҚКХП-дан президенттікке кандидат Жамбыл Ах­мет­бековтің  штабы  құрылды. Ха­лықтық коммунистер алдымен сайлауалды жұмыстарының жос­па­рын жасап қойды. Саяси нау­қан қарсаңында қандай жұ­мыс­тар атқаратындығы жөнінде жұрт­шылықты хабардар ету үшін штаб қызметкерлері жергілікті ақ­парат құралдары өкілдерімен баспасөз  мәслихатын өткізді. Қазақстан Коммунистік ха­лық­тық партиясы облыстық ко­ми­тетінің штабында 15 адам қыз­мет істейді. Президенттіктен үміт­кер Жамбыл Ахметбековтің облыс орталығында – 30,  аудандарда 20 сенім білдірілген адамы болады. Әрине, олардың барлығы да халықшыл коммунистер. Оның сыртында «Қазақстан коммунисі» газетінің  №6 санында Жамбыл Ахметбековтің өмір­бая­ны, ал №7 санында ол туралы ке­ңейтілген мақала берілді. Газет­тің осы екі саны да қоста­най­лық­тарға таратылды. Бұл саяси бәй­геге өздері қосқан үміткерді сай­лау­шыларға кеңірек таныстыру мақ­сатынан туған әрекет болатын. Мұнан кейін штаб қызмет­кер­лер мен  сенім білдірілген адам­дар­дың басын қосып, жиналыс өт­кізді. Онда  сайлау алдында қан­дай жұмыстарға басымдық бе­рі­ле­тін­дігі және міндеттер  сараланды. – Біз Наурыз мерекесінде  адамдарға  сайлау күні  дауыс беруге келу керектігін түсіндіреміз. Сайлауға келген әр адам кімге дауыс берсе де оның өз еркі, өзінің таңдауы біледі. Ешкімде де «сайлауға бар­маймын, кім болса, ол болсын», дейтін енжар­лық болмауы керек. Шындықты ту етіп ұстайтын коммунистер штабының  басты мақсаты  осы болмақ,–дейді Қа­зақ­стан Коммунистік халықтық партиясы об­лыстық комитетінің екінші хат­шысы,  ҚКХП об­лыс­тық штабы бастығының орын­ба­сары Зинаида Масленкова. Қостанайдағы халықшыл коммунистер жетекшісінің айтуын­ша, осы партиядан  президенттіктен үміткердің  түсуі олардың бел­сенділігін арттырып отыр.  Штаб қызметкерлері  президенттік сайлау экономикамыздың да­мып, жеріміздің өркендеуі үшін өткізілгелі отырған үлкен ша­ра­ның бірі екендігін халыққа түсіндіретін болады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай.