• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
03 Қараша, 2016

Tengri bank. Сенімділік пен тұрақтылық тарихы

373 рет
көрсетілді

Tengri Bank акционерлік қоғамы 1992 жылдың қазан айында «Данабанк» жеке банк ретінде құрылған еді, ол 2010 жылы Қазақстанда Үндістан бизнесі мен қаржы институттарының мүддесін білдіретін PNB-Қазақстанға өзгертілді, бұл үкіметаралық келісімдер аясында Үндістан үкіметінің шешімімен байланысты болды. Банк 24 жыл бойы банк нарығында қаржылық қызметті және Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында көзделген өзге де қызметтерді табысты іске асырып келеді, ол нарыққа өтумен байланысты экономиканың күрделі өзгеруі барысында және қаржы қызметі нарығындағы бәсекелестік тартыс жағдайында да барлық сынаққа төтеп берді. 2015 жыл Банк қызметінде өтпелі кезең болды, ол кезде негізгі даму стратегиясының бағыттарын өзгерту және Банк командасын жаңа менеджментпен күшейту туралы шешім қабылданды. Ал 2016 жылы Банкті ребрендингтеу туралы шешім қабылданды. Біз бүгін Банк басқарма төрағасының орынбасары Динеш КУМАР мырза мен Қазақ-Үнді іскерлік кеңесінің тең төраға орынбасары Ажмат АЛИМОВТІ сөзге тарттық. – Кумар мырза, өзіңіз басшылық ететін Tengri Bank туралы нақтырақ ақпарат берсеңіз? – Tengri Bank – Қазақстан Респуб­ли­ка­сындағы коммер­ция­лық банк болып табылады және заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке тұлғаларға түрлі банк қыз­мет­терін көрсетеді. Біздің банк 24 жыл бұрын, яғни 1992 жылы құрылып, содан бері банк­тік қызмет нарығында қар­жы қызметін табыс­ты атқа­рып келеді. Бүгінгі таңда Punjab National Bank банктің бас серіктесі болып табылады, оның акциясының үлесі 49% құрайды. Ол мемлекеттің қаты­сы бар, дүние жүзі бойынша 87 млн клиентке қызмет көрсететін Үндістанның екінші ірі банкі. – Әр банктің стратегиялық мақсаты бар. Сол сияқты Tengriдің алға қойған мақсаты қандай ? – Біздің басты стратегиялық мақсаты­мыз – әмбебап, тех­нол­огиялық банк ата­ну. Біз өзімізге деген сенімділік дең­гейі­нің артқанын және рейтингіміздің жоғары­лығын мақтан тұтамыз. Қазіргі сәтте Tengri Bank қашық­тан банк қызметін көр­се­туді дамыту, бөлшек кредиттеу, кар­точка­лық бизнес, қаржыландыру және инвестициялау жұмыстарын жемісті атқарып келеді. Стратегияның тағы бір басты мақсаты – Үндістан республикасынан келген клиенттер мен компанияларға нарықтағы қаржы қызметтерін көрсету. – Ребрендингті есепке алмағанда, банк жұмысында басқаша бір өзге­ріс­тер­ді көре аламыз ба? Қандай нақты нәтижелерді атай аласыз? – Шындығында мақта­нарлық жайт­тар көп. Tengri Bank қаржылық тұ­рақ­ты әмбебап коммерциялық банк бол­ған­дық­тан, қызметтің барлық түрін көрсетеді. Егер сандарды сөйлетсек, 2015 жылдың қазан­ынан 2016 жылдың қыркүйек айы аралығында банктің актив­­тері 191 пайызға өскен. Ал кре­дит­тік портфелі 450 пайызға ұлғайып, депозит 568 пайызға артты. Яғни, банк жұмысының көрсеткіштері күрт өсті. Оған қоса негізгі қаржы көрсеткіштері бой­ын­ша тиімділіктің оң серпіні байқалады. Жеке тұлғалар арасындағы клиент­тері­міздің саны 3 есеге артты, бұл өнім қатарының көбеюімен және технология мен бизнес-үрдістердің жетілдірілуімен тікелей байланысты. Осыған орай депозиттер де артып отыр. Банк өз саясаты арқылы кәсіпкерлік субъ­ектілерінің толыққанды жұмыс істеуі­­не, нарықтағы үнді бизнесі өкіл­де­рін қолдауды күшейтуге, отандық тауар өндірушілерді қолдауға, жаңа жұ­­мыс орындарының құрылуына атсалысып келеді және ШОБ-ті қолдау мем­ле­кеттік бағдарламаларының белсенді қа­тысушысы болып табылады. – Негізгі міндеттеріңіздің бірі – инновациялық банк құру дедіңіз. Банк құрылымында қандай жаңалықтар болады деп ойлайсыз? – Иә, жаңашылдық – негізгі міндетіміз. Атап айтқанда – виртуалды банк құру. Виртуалды банктің негізгі қызметі – біз үйреніп қалған, дәстүрлі банк бөлімшесінің барлық, тағы қайталап айтам, барлық операция түрлерін көрсету. Біз азаматтарды тікелей кредиттеу, краудфандинг, қаржылық-кепілдендірілген мәмілелер, мәмілелерді онлайн кредиттеу секілді қолайлы қаржы құралдарын клиенттерге барынша қарапайым әрі түсінікті түрде жеткізгіміз келеді. Қарапайым тілмен айтсақ, сатушыларды, сатып алушыларды, логистикалық компаниялар мен инвесторларды (жеке тұлғалар, шағын-кредит ұйымдары және бірыңғай қауіпсіз әрі сенімді алаңда өздерінің қаржылық қызметтерін көрсеткісі келетін өзге банк­тер) біріктіру үшін қаржы алаңын құру. Болашақта банк еш жерде баламасы жоқ тұтынушыларға қызмет көрсетудің ерекше жүйесін енгізуді жоспарлайды. – Банк жоспары – қа­­шық­­­тан қызмет көрсе­туді дамыту болса, оның артықшылығы неде? Ин­но­ва­циялық шешім ретінде не ұсына аласыздар? – Клиенттерге қызмет көр­сет­­кенде заманауи ақпараттық технологияны қолдану, сатып алушы мен сатушы арасында мәміле жасалған орындарда қаржылық қызметтерді жеңілдету әрі қолжетімді ету, қаржы құралдарын кеңейту, халыққа осы қаржы қызметтерін пайдалануды үйрету. Бұдан шығатын қорытынды – Tengri Bank әрқашан жаныңыздан табылады және кез келген клиенттің кез келген мәмілесіне әрқашан қаржылық қолдау көрсетеді. – Кумар мырза, карталық сегмент жүйесі қалай іске асып жатыр? – Ағымдағы карта жүйесінің дамуынан басқа, біздің клиенттер Tengri-PNB-де өзге банктердің карталарын және шоттарын пайдалану мүмкіндігіне ие болады (карта иеленушілерінің саны 10 есеге артады). Tengri Bank карталарының иелері еліміздің кез келген банкоматынан белгілі бір тарифтермен қолма-қол ақша шығарып ала алады, қолма-қол ақша алғаны үшін комиссия алынбайды. Банк ҚҮІК (Қазақстан-Үнді іскерлік кеңесі) құруға бастама көтергендердің бірі болды. – Ажмат Камзаевич, ҚҮІК құруға бастама көтеруге не себеп болды? – Соңғы уақытта Қазақстан мен Үндіс­тан арасындағы коммерциялық қа­рым-қатынастар жаңа деңгейге кө­те­­рі­лді. Екі елдің арасындағы іскерлік ынтымақтастықты талқыға салып отыр­ған кезде екі елдің коммерциялық қатынас­та­ры мәселесін оңтайландыратын ұйым құру туралы шешім қабылданды. Әркім өз ісімен айналысуы керек. Сол сәтте Tengri Bankтің белсенді қатысуымен Қазақстан-Үнді іскерлік кеңесі құрылды. – ҚҮІС қызметінде Tengri Bank-тің (PNB) рөлі қандай ? – Tengri Bank үнді тарапымен қа­рым-қатынаста коммерциялық мүд­дені көз­­дей­ді: тауар айналымының өсуі, қазақ­стандық және үнді­лік кәсіп­кер­лер­дің іскерлік белсенділігі. Біздің ком­мер­санттарымыздың үнді нарығына шы­ғуында, тиісінше үнді коммерциясын біріктіруде және Қазақстанға инвес­тиция тартуда халықаралық іскерлік ынтымақтастықты жандандыру. – ҚҮІК бүгінгі күні қандай келісім­дер жасап және қандай ұйымдармен белсенді қарым-қатынаста екенін айта кетсеңіз? – Кеңестің басты мақсаты – бірлескен іскерлік және коммерциялық қарым-қаты­настардың болашағын ашып көр­сету. Оның мүмкіндігі зор. Үндістан – алып нарық. Ол жақпен байланыста болмау – талай нәрседен құр қалу деген сөз. Үндіс­тан экономикасы қарыштап дамып жатқан нарық. Кеңестің базалық қорында Қазақстан Республикасында тіркелген жүздеген компания­ның тізімі жатыр. Бір ғана Қазақстанда 317 үнді кәсіп­орны жұ­мыс істейді. Біз құры­лыс саласында жоғарғы технологиялық өңдеулер жөнін­­дегі компаниялармен, кен-өндіру ком­пания­­ларымен, IT-компанияларымен, меди­циналық, туризм мен машина жасау өндірісімен тығыз байланыстамыз. Қазақстан жағынан 25 серіктес компания кеңестің құрамына кіреді. Ал Үндістан жағынан кеңес Zydex Industries, IT-компания Intellect, Mahindra сияқты және басқа да көптеген субъектілермен байланысын жақсартып келеді. Кеңестің мүмкіндігі жоғары. Қазірдің өзінде алғашқы қадамынан-ақ оң динамика байқалады. – Кумар мырза, биылғы жыл­дың шілде айында Қазақстанға Үндіс­танның Премьер-Министрі Нарендра Моди ресми сапармен келіп кетті. Премьер осы сапар барысында қандай мәселе көтерді? Қандай жетістікке қол жеткіздіңіздер? – Расында Үндістан Премьерінің рес­ми сапармен келуі Шанхай ынтымақ­тас­тық ұйымына мүше болуына байланыс­ты болды және екі ел арасында қалыптасқан әріптестік байланысты одан әрі ұзартуға және жаңа қарым-қатынастарды қалып­тастыруға арналды. Еркін сауда аймағы тура­лы келісімді дайындау мүмкіндігі қарас­тырылды, бұл Қазақстан мен Үндіс­тан арасындағы экономикалық байланыс­ты кеңейту үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Екі ел арасында тікелей әуе қатынастарын кеңейтуге күш салынуда. Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Премьер Нарендра Моди ШЫҰ (Шан­хай ынтымақтастық ұйымы) аясында ынты­мақ­тастықты нығайту жөнінде келісті. Ал Қазақстан-Үндістан өзара қарым-қатынасының қаржы­лық негізіне келсек, өткен жылы екі елдің арасын­дағы тауар айналымы 1,3 миллиард долларға жетті, бұл 2013 жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Ал үнді жағынан тартылған инвес­тиция көлемі соңғы он жылда 200 млн долларға дейін көтерілді. Бүгінгі күнде елімізде 500-ге тарта біріккен кәсіпорын тіркелген. – Tengri Bank-тен жақын арада қандай жаңалық күтуге болады? Бола­ша­ғымен бөлісе отырсаңыз? – Әлбетте, банк осындай қарқынмен одан әрі өсуді жоспарлап отыр. Бөлшек бизнесті дамытып, микроқаржыландыру саласын кеңейтетін болады. Қазақстан-Үнді іскерлік кеңесінің жұмысына қаты­сып, Үндістаннан келген кәсіп­керлер мен клиенттерге банк қызметтерінің толық шоғырын ұсыну арқылы қол жеткізілген халықаралық келісімді имплементациялау үшін белсенді түрде жұмыс жүргізуде. 2017-2018 жылдары инновациялық сервистерді қадамдық іске қосу жүзеге асырылады. Біз үшін ең бастысы – бұл клиенттердің бізге деген се­нім­ін жоғалтпау. Қазіргі кез­де біздің рейтингіміз жо­ға­­ры, клиент­теріміз осындай даму кезеңіндегі банк­тің ұсыныстары мен мүмкін­дік­теріне ризашылығын білдіруде. Және Банк бұдан әрі де осы биіктіктен түспеу үшін барлық іс-шараларды жасайтын болады. – Тартымды әңгімелеріңіз үшін рахмет айтамыз. Әңгімелескен Марат АҚҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»