• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2011

Әлем жәлем әлем

398 рет
көрсетілді

Аруға ашқарақтық жараспайды Мексикалық Домоник Рамирес аш­қа­рақ­тығының салдарынан «Сан-Ан­то­нио аруы» атағынан  мезгілінен бұрын айы­рылып қалды. Сөйтіп, оның тәжі вице-ару Эшли Диксонға бұйырды. Д.Рамирес сотқа жүгін­генімен, ол әре­ке­тінен түк шық­па­ды. Өйткені, ару атан­ғаннан кейінгі ке­лісім-шарт бойынша, ол құ­жат күшін­де болатын мерзімде сол салмағын ұстап тұруы тиіс еді. Д.Рамирес осылайша «Техас аруы» конкурсына да қатыса алмайтын болды. Себебі, жоғарыда айтыл­ға­нындай, дәмді мен тәттіні көрсе, дүниенің бәрін ұмытатын ашқа­рақтығы. Сондай-ақ ол өзінің қойылым-көрсеті­лімдеріне кешігіп келуді де жаман әдетке айналдыра бастаған. Мұндай аруды кім өзінің атағына сәйкес келеді деп айта алады? Ал вице-ару Э.Диксонның өз мүмкіндігін толықтай пайдалануға тырысатыны күмәнсіз. Танымал әншінің әлсіз жері – ішімдік Әнші Кристина Агилера көпшілік орынға ішімдік ішіп келгені үшін тұтқынға алынды. Бұл оқиға АҚШ-тың Лос-Анджелес агломерациясына енетін Уэст-Голливуд қала­сын­да орын алды. К.Агилера рөлінде «жігіті» отырған автокөліктің жолаушылар жағын­дағы орындықта отыр­са керек. Әншінің рөлге «қызып алып» отырған Мэтью Ратлер есімді бойфренді де дереу тұтқындалған. Ратлерді полиция 30 мың доллар кепілдікке қойылғаннан кейін қамаудан босатқан. Ал Агилераның кепілдігі 250 доллар ғана болған. Енді полиция әншіні оңалту орталығында алкоголизмнен емделу курсынан өтуге міндеттеп көрмек. Өйткені, Агилера қаңтар айында бір актердің туған күнінде үстел басында ұйықтап қалса, ақпан айында өткен «Гремми» сыйлығын тапсыру кезінде сахнада тоңқалаң асқан. Бойдың ерен ұзындығы кемшілік емес Модельдердің бойшаң болуы әдеттегі талап. Бірақ осыншалықты ұзын бойлы қызды бір көргенде баскетбол не волейбол ойнауы керек, модельдер болуға тым келіңкіремейді деп алыстан тон піше­ті­нің анық. Бірақ, Англияда тұрып жұмыс істейтін бойы 2 метр 3 см.-лік Амазонка Ив есімді бойжеткен мүлдем де бұлай ой­ламайды. Өйткені, оның модельдік карьера­сы өрге шығып келеді екен. Ивтің арғы тегі германиялық көрінеді. Голландияға да қатысы бар секілді. Жасөспірім кезінде колледжде құқық, менеджмент, театр өнері және филология мамандықтарының басын бір-бір шалып шыққан. Киноға да түсіп көрген. Ал «Плейбой» журналына жалаңаш суреті басылғаны сол екен, айы оңынан туып жүре берген. Сөйтіп, ол бүгінде арман-қыз атанып отырған көрінеді. Жүлде сүр бойдақтың соры ма, бағы ма? Жақында ғана сұрапыл жер сілкінісі тіркелген Жаңа Зеландияда сүр бойдақтарға арналған байқау болып өтті. Оның шарты бойынша жеңімпазға қалыңдық іздеп қайту үшін Украинаға 12 күндік жолдама беріледі. RocR FM ра­диос­тансасы ұйымдас­тыр­ған конкурста тегі айтыл­майтын Грег есімді жергілікті шарап жасаушы бойдақ жігіт жеңіске жеткен. Жеңімпаз өзін өзіне өзі сенімді, өміріне көңілі толатын, романтикалық сезімдерге берілгіш және қаржылай тәуелсіз еркек ретінде сипаттайды. Болашақ қалыңдығына да нағыз ханшайым ретінде қарамақ. Отбасы мүшелері де оның шетелдікке үйленемін деген идеясын қолдаған көрінеді. Енді сырбаз жігітке кербез сұлу жолығады деп сенейік.