• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2011

Акция өңірлерді аралайды

328 рет
көрсетілді

Елордадағы «Өркен» бизнес-ор­талығында құрамына этномә­де­ни бір­лестіктер мен ұйым­дар­дың, ғы­лы­ми және шығармашыл интел­ли­генцияның, сондай-ақ жас­тар өкіл­дері кірген бастамашы топтың жиы­ны өтті. «Біз – Қазақстан хал­қы­­мыз» деген атпен ұйымдасты­рыл­­ған кездесу Қазақстан Рес­пуб­ликасының ке­з­ектен тыс президенттік сай­лауын­да Н.Назар­баев­тың кан­дид­атурасын қолдау үшін жалпы­рес­пуб­ликалық акцияны өт­кізуге арналды. «Қазақстан украиндары рада­сы» бірлестігінің төрағасы Юрий Тимошенко өзінің сөзінде аталған акция­ны өткізу жөніндегі үндеуін оқып берді. «Мемлекет басшысы Қазақ­стан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауын өт­кізу ту­ралы бастаманы ұсыну ар­қы­лы президенттік өкілеттігін 2 жыл мерзімге саналы түрде қыс­қартты, ал бұл оның саяси шешімдерінің қайта­ланбастығы мен жоғары дең­гейін көрсетіп берді»,– деді Ю.Тимошенко.– Респуб­ли­ка­лық және өңір­лік этномәдени бірлестіктер өкіл­дері, ғы­лым мен өнер саласында жүр­ген азаматтар, жастар сайлау­дың Қазақ­станның болашағы үшін маңызын және сол саяси науқан алдындағы өздерінің жауапкершіліктерін түсіне отырып, Нұрсұлтан На­зар­баевтың кандидатурасын қол­дай­ды деп ой­лаймыз. «Біз – Қазақ­стан халқы­мыз» ұғымы тәуелсіз Қа­зақ­стан­­ның негізін қалаған және эко­но­ми­калық өр­леу мен әлеуметтік ілгерілеуге негізделген дербес, де­мо­кра­тия­лық мем­­лекет құру мақса­тындағы халық­т­ың күш-жігерін білдіреді. Сон­дай-ақ, ол ғасырлық арман, ортақ құн­ды­­лық – тәуелсіздікке қол жеткізуде қар­ға тамырлы қазақ жерінде қоныс­танған халықтың бірлігін бейнелейді». Басқосу кезінде «Вайнах» чешен-ингуш этномәдени бірлестігі­нің төрағасы Салман Героевке сөз кезегі тиді. Ол аталған акцияның «Қазақ­стан Республикасындағы сай­­лау тура­лы» Заңның негізінде жүр­гі­зіліп жат­қанын, бұл ретте сайлау қорларын құрмаған азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қар­жылай қолдауды қа­жет етпейтін сайлауал­ды үгіт-наси­хат жұмыста­рын жүр­гізуге құқылы екен­діктерін атап өтті. «Бұл акция­ның негізгі өзегі – Қазақстан халқы­ның бейбітшілікке негізделген дос­тық керуені деген ұғымға саяды. Бұл «керуен» елі­міз­дің барлық облыс­тары­­­нан өтеді. Ак­ция аясында сай­лауал­ды жиын­дар мен кездесулер, қоғамдық пікірталастар мен пікір­сайыст­ар ұйым­дас­тырыла­ды»,– деді С. Героев. Басқосу соңында оған қатысу­шылар жиналған қауымды ел ішіндегі саяси науқанның барлық заң нормалары мен халықаралық сайлау стандарттарына сай өтуі­не күш салуға шақырды. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.