• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2011

Экологияны сауықтыру – уақыт талабы

315 рет
көрсетілді

Биылғы жылы ел Тәуел­­­сіздігінің 20 жыл­ды­ғы­мен бірге,  Семей атом поли­го­нының жабылғанына да жиыр­ма жыл толмақ. Бұл – егемен ел өмі­ріндегі аса елеулі оқиғалардың бірі. Бірақ, өкінішке қарай, осы мәселе әлі де жеріне жеткізіп жазылмай да, насихатталмай да келе жатқан тәрізді. Ал экология мәселесі қазірде әлемдік мәселеге айналып отыр­ға­нын кім жоққа шығара алады? Сондықтан полигон жабыл­ға­н­мен, оның зардаптары әлі де то­лық­тай жойылып болған жоқ. Оған Арал қасіретін қосыңыз. Оны айтпаған­да, Сорбұлақтың өзі сорымызды қайнатпасына кім кепіл? Міне, бү­гінде президенттіктен үміткерлердің бірі Мэлс Елеусізов сондай эко­логия мәсе­ле­лері­мен түбе­гейлі түр­де ай­на­л­ысып келе жат­қандардың бірі ғана емес, бірегейі болып та­­­былады. Ол өт­­­кен жолғы сай­лауда да пре­зи­денттікке өз кан­ди­да­ту­ра­сын ұсынған бо­ла­тын. Бі­реулердің оның бұл тірлігін түсін­бей қалуы да мүмкін. Ал өз басым мұны түсінбеудің еш жөні жоқ деп білемін. Мүмкін, менің заманда­сым Мэлс осы әрекеті арқылы жұртшылықтың көңілін жаһан­дық мәселеге аудартқысы келетін шығар. Ендеше, Жер-Ананы ардақтай білейік деген оның талап, талпынысының несі сөкет? Сондықтан мен өз құқымды пайдалана отырып, қазақ­стан­дық­тар­ды алдағы сайлауда Мэлс Елеу­сізовтің кандидатурасын жақ­тап дауыс беруге шақы­ра­мын. Қалай болғанда да, эколо­гия­лық апаттан алдын-ала сақ­танбасақ болмайды. Айдос МАЙЛЫБАЕВ, табиғат жанашыры. Семей.