САЙЛАУ – 2011
Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы Орталық комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбековтің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттыққа ұсынылуына байланысты ұйымның Қарағанды облыстық комитеті жанынан құрылған қоғамдық штаб өз жұмысын бастап кетті. Айта кету керек, сайлау алдындағы үгіт-насихат науқанын кең ауқымда жүргізуге толық жағдай жасалған. Осы орайда, сонымен қатар, көпшілік арасындағы саяси іс-шаралардың белсенді атқарылуында 10 аудандық және 4 қалалық штаб көмегіне арқа сүйелуде.
Жергілікті коммунистер еліміздің өміріндегі осынау аса маңызды оқиға әділ, ашық өтеді деп сенеді. Елбасының заңдылықтың сақталуын қадағалауды қамтамасыз етуді тапсыруы нағыз демократиялық талап болып табылады.
Қазір жекелеген азаматтар штабымыз жұмысына көмек көрсетуге тілек білдіруде. Олар үгіт плакаттарын көшелердің көрнекті жерлеріне жапсыруға, оны үйді-үйлерге таратуға атсалысып жатыр. Кең көлемді үгіт-насихат шаралары сайлаушылармен кездесулер өткізуге, кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасын түсіндіруге жалғасады. Жамбыл Ахметбековтің жобаланып отырған аймақтағы ірі қалалар тұрғындарымен жүздесулері жақтаушыларының өз үміткерімен толығырақ танысуына мүмкіндік береді.
Халықшыл коммунистер де сүйікті Қазақстанымызды өркендеген, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мемлекет тұрғысында көргісі келеді. Сайлау соған жаңа қадам бастырады деп сенеміз.
Валентин ПРЫТКОВ, ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы, президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековті қолдау жөніндегі қоғамдық штаб жетекшісі.