Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Домбыра-думан» атты кеш болып өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Іс-шараның негізгі мақсаттарының бірі жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу, домбыра аспабын кәсіби деңгейде меңгерулеріне мүмкіндік жасау, өнерпаздарға кең жол ашып, қолдау көрсету болып табылды. «Домбыра думан» шарасында домбырашы жастар ән салып, күй шертіп, жиналған көпшілікке өнер көрсететті.
«Домбыра думан» атауын алған бастаманың басты мақсаты - домбыраны, қазақ өнерін насихаттау.