• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2011

Насихат жұмыстары қыза түсті

472 рет
көрсетілді

Ел президенттігінен үміткерлер қатарында Қазақстанның Коммунистік халықтық пар­тия­сынан Жамбыл Ахметбековтің тіркелуі бізді жаңа істерге құлшындырып отыр. Біздің өңір­де партияның 4,5 мың мүшесі бар. Біз президенттікке кандидаттарды қолдаушылардың қол­дарын жинауда жинақылық таныттық, бұл істе партия мүше­ле­ріне ком­сомолдар көп қол­ғабыс жасады. ҚКХП-дан президенттікке кан­дидат Жам­был Ах­метбековтің об­лыстық штабы құрылып, сай­лауал­ды жұмыстары­ның жос­пары жасал­ды. Штаб­ты өзім бас­қарамын, 6 адам жұ­мыс істейді. Канди­дат­тың сенім біл­дірілген өкілдері анық­талып, қандай жұ­мыстар атқара­тын­дары таныстырылды. Бүгінде біздің канди­дат­тың сайлауалды үгіт-насихат жұ­мыс­тарына қажетті материалдар толық қолы­мызда. Бұл мате­риал­дарды сайлауалды үгіт-насихат жұмыс­та­рында тиімді және ықпалды пайдалана бастадық. Сондай-ақ, осындай пәрменді жұ­­мыстарды ха­лық­тың қа­­лың ортасында жүр­гізу үшін «ГАЗЕЛЬ» шағын авто­бу­сын үгіт пойызы етіп жарақтандырдық. Президенттікке кандидат Жамбыл Ахмет­бековтің сайлауалды бағдарламасы халықтың көкейіндегі мәселелерді қозғайды. Сайлауалды күреске түскен біздің партия арадағы бес жылда халық үшін тауар импортын 25-30% кемітуге, энергетика, мұнай, тау-кен байыту, темір жол, әуе көлігі салаларын мемлекеттік меншікке қайтаруға, мақтаны, теріні, тері өнімдерін, ағашты сыртқа шығаруды тоқтатып, түсті және қара металды сыртқа шығаруға квота енгізуге, халықтың әл-ауқатының артуына және экономикалық әлеуеттің өсуіне әсерін тигізетін шикізаттық және табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімді жолын табуға, Қазақстан халықтарының бірлігін нығайтуға және басқа бағыттарда жұмыстанатын болады. Шынайы халық билігін құрудағы саяси күштердің рөлі  биіктеуі тиіс. Ал жалпы, біздің партияның өңірдегі беделі жоғары. Жергілікті билік облыстық комитеттің ұсыныстарына құлақ асып, қозғалған мәселе­лер­ді шешіп жүр. Мысалы, «Оңтүстік Батыс» ауданын­дағы Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаев атындағы көшеге батырдың ескерткіш тақтасын орнатуға, қатты жамылғы тө­сеуге біз мұрындық болдық. Сондай-ақ, пар­тияның танымдылығын жақсарту үшін халықты толғантқан мәселелер бойынша түрлі акциялар өткіздік. Ақтөбеліктердің саяси белсенділігі жоғары екенін білемін. Бұл жолы да халықтың президенттік сайлауға түгелдей келіп, дұрыс таңдау жасайтынына сенемін. Қазіргі кезде сайлауал­ды үгіт-насихат жұмыстарының «қызуы» көтеріле түсті. Бұл бағытта біз де өз кандида­турамыздың бәйгеден озып келуінің қолдан келер мүмкіндігін жасап жатырмыз. Жанат МОЛДАШЕВ, ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінің хатшысы,  облыстық штаб бастығы.