• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 17:34

Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?

10 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға және белгілі бір ауруы бар азаматтарға 432 500 теңге көлемінде біржолғы төлем берілетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Алайда бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолданыстағы заңнамада мұндай төлем қарастырылмағанын айтты.

«Мұндай хабарламаларды көбінесе алаяқтар жеке деректерге қол жеткізу мақсатында пайдаланатынын азаматтардың есіне саламыз», делінген хабарламада.

Кімдерге 6 ай бойы әлеуметтік төлем беріледі?

Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламалар арқылы немесе мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

Айта кетейік, әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. 

Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды

Соңғы жаңалықтар