• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2011

САЙЛАУ-2011

371 рет
көрсетілді

Әйелдерге гүл сыйлады Әйелдер мерекесі қар­са­ңында Қазақстан Респуб­ли­касы президенттігіне кандидат, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов Алматы қала­сын­дағы «ЖПБ-Автобаза» акционерлік қоғамы Әуезов ау­дан­дық басқармасының қыз­меткерлерімен кездесті. Көлікке қатысы бар адам­дардың эколог Елеусізовке де қатысы бар. Ауаны лас­тайтын басты себептер – көлік, нақтырақ айтқанда, ол пайдаланатын жанар майдың сапасы. Сол сапасыз бензин ауаны ластап қана қоймайды, көлікке де мықтап зиян келтіреді екен. Бензиннің сапа­сы қашан жақсарады, деді кездесуге келгендер. Президенттікке кандидат бұл мәселені бұрыннан қоз­ғап келе жатқанын, үкімет алдына талай рет қойғанын айтты. Бұл аса маңызды мә­селе алдағы уақытта да үне­мі оның назарында болмақ. Жұрттың бәрін баға мә­се­лесі толғандырады. Оның еңбекақыдан жылдамырақ өсуі отбасының бюджетіне ауыр тиеді. Бағаны тө­мен­де­ту – міндет. Тек мемлекеттік деңгейде шешуге болатын бұл мәселені шешу мақса­тын­да президенттікке кандидат өзінің әрқашан күресе­ті­нін айтты. Басқаларды да соған шақырды. Әркімнің көңілінде өз мә­селесі жүреді. Қарақал­пақ­станнан келген Жандарбек деген оралман ел аза­мат­тығын алу үшін есеп-шо­тың­да 1,5 миллион теңге қар­жысы болу керек деген талаптың ауыртпалығын сөз етті. Қиын жақтан келген адамның қалтасында мұндай қаржы болмайтыны белгілі. Бұл талап елін аңсап жүрген талай азаматтардың жолын бөгейді. Президенттікке кандидат бұл мәселені тиісті деңгейде шешу үшін күре­сетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, еліміздің бас экологы жиналған қауымды белсенді өмір сүруге ша­қыр­ды. Қоғам сонда жақ­сарады. Ертеңгі күні сайлау кезінде дауыс беруге бар­лық­­тары­ңыз  қатысы­ңыз­дар, деді ол. – Кімге де болса, өз қалау­ла­рыңызды білдіріңіздер. Кездесу әйелдер мерекесі қар­саңында болғандықтан да, президенттіктен үміткер бір құшақ гүл ала келген екен, соны қыз-келіншек­терге сыйлады. Мамадияр ЖАҚЫП.