• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2011

Азық-түлік бағасы аздап арзандады

425 рет
көрсетілді

Бұл мәселе облыс әкімі Ба­қыт­жан Сағынтаевтың қаты­суы­мен өткен кеңесте қаралған еді. Облыстық кәсіпкерлік және өнер­кәсіп басқармасының бас­тығы Қанат Шәбеновтің мәлім­деуінше, наурыз айынан бастап «Павлодар-Малахит», «Атығай плюс», «Ирвема», «Каскад» серіктестіктері шай, күнбағыс ма­йы, күріш, қант, қарақұмық сияқ­ты өздері алыстан жеткізетін азық-түлік бағаларын тө­мен­­­детуге келісім берген көрі­не­ді. Сонымен қатар, облыстық ауыл шаруашы­лығы басқарма­сы­ның бастығы Бауыржан. Қа­се­нов­тің мәліметін­ше, жергілікті сүт өнім­­­­дерін сата­тын компаниялар өнім бағаларын төмен­детуге келісіпті. Наурыз айы­нан бастап, шұжық жасайтын «РубиКом» серіктестігі өнім­дері­нің баға­сын 3,28 па­йызға, ал, дәл осын­дай бағыт­та жұмыс жасай­тын «Ақоба» жә­не «Золотой теленок» серіктес­тік­тері 3 пайыз­ға түсірген көрі­не­ді. «Рубиком» супермаркеттер желі­сі­нің ди­ректоры Евгений Шмидт болса, өндіріс орны 16 түрлі ет және шұжық өні­міне бағаны 3,3 па­йызға ар­зан­дат­қа­нын және әлеу­меттік негізде са­тылатын өнім­­­дердің ба­ға­­лары су­пер­мар­кетте арнайы қызыл қа­ғазға жа­зылып қойыл­ға­нын айт­ты. Ауыл ша­руа­шы­лығы басқар­масы бас­ты­­ғының сөзіне сенсек, ұн жетіп артыл­ға­нымен, мәселе оның ба­ға­сын­­да болып тұр. Мы­салы, ұн өн­діретін «Аслан», «Группа Интер» серіктестіктері мен «Ұлан» фермерлік шаруа­шы­­лы­ғы жоға­ры сұрып­ты ұнның бір килосын 78 теңге­ден 76 тең­геге арзан­дат­ты. Бү­гін­де аудан-қала әкім­діктері алыстан арбаламай жа­қыннан дорбалайтын өзі­міз­дің жер­гілікті жердің ұнын неғұр­лым көптеп пай­да­ла­нуға күш салуда. Өз ауыл­дары­мыздың ұн­­дарының сапа­сы сырттан келетін ұнның сапа­сынан жақсы әрі ба­ға­сы да төмен, деді Бауыр­­жан. Қасенов. Яғни, қазіргі кезде өзімізде тар­тылған жоғары сұ­рып­ты ұнның бір килосы – 85 теңге, өзге жақ­тан жеткізілетін дәл осындай ұн 44 пайызға қым­бат екен. Бұған қо­са, тұ­рақ­тан­дыру қо­ры­нан ас­тық ала­тын ұн тар­татын кә­сіп­орындар нау­байха­наларға бірінші сұ­рып­ты ұн­ның килосын 45 тең­ге­ден жет­кізеді, одан пісірілген бір бөл­­ке нанның баға­сы 42-44 тең­ге тұрады. Өңір­ге қара­құмық жар­масын тасымал­мен алып келетін «Ирвема» серіктестігі мен «Калашникова» жеке кәсіпкер­лігі де бір кило өнімді 270 тең­геден өткізуде. Сонымен қатар, облыс халқын жұмыртқа өні­мімен қамтама­сыз етуші Шар­бақты және Қы­зылжар құс фаб­рикалары да ба­ғаны тұрақ­тан­дыру ісіне қаты­суда. Бүгінде жұ­мыртқаның он­дығы 169 тең­ге тұрады. Көкө­ніс пен кар­топ­тың бағасын тежеу шаралары қыс айларынан бастап жүйелі түр­де жүргізіліп келеді. Мәсе­лен, «Пав­лодар­ский» сервистік-дайын­дау ор­­­та­лығы картоптың килосын 61 теңгеден босатса, оның бөлшек сау­дадағы бағасы 67 теңгені құ­райды. Бағаны ауыздықтауға апта сайын өтетін ауыл шаруашы­лығы жәрмеңкесінің де елеулі көмегі тиіп отыр. Бұрын облыс орталы­ғын ауылшаруашылық өнім­дері­мен үш аудан ғана кезектесіп қам­тамасыз етіп келсе, енді барлық 10 аудан қаты­са­тын болады. Бұл – сатылатын өнім­дердің көлемі екі-үш есеге өсіп, бағасы да соған сәйкес тө­мен болады деген сөз. Осы жиын­да сөз алған көкөніс ба­ға­сын тұрақ­тандыруға ықпал ету үшін құ­рылған «Павлодарский» сер­вис­тік-дайындау ор­та­­лы­ғы­ның ди­рек­торы Сергей Тилинин қой­маларында картоп, сә­біз, қы­рық­қабат өнімімен қатар 100 мың литр күнбағыс майы­ның да сақ­талып тұрға­нын жеткізді. Орта­лық, оңтүстік өңір­лер­ден жә­не Қытайдан саяжай мау­сы­мы бас­талғанға дейін қияр мен қы­занақ өнімдерін жет­­кізу бойын­­ша келісімдер жүр­гізі­луде. Қазір ар­найы тоңа­зыт­қыш­­тар ор­натыл­ған кө­лік­тер алу жоспар­ла­нып отыр. Яғни, баға мәселесін реттеуде облыс әкімдігі мен кәсіп­керлер ара­сында басталған осын­­дай жақ­­сы тәжірибені үзбей жал­ғас­тыру қа­рапайым халық­қа пай­далы. Об­лыс әкімі Ба­қытжан Са­ғын­таев Наурыз мерекелері кезінде кейбір кә­сіп­­керлердің баға­лар­ды шарық­та­тып жіберетін тым жөнсіз әре­кеттеріне қа­даға­лау жа­сауды құ­қық қорғау орган­дары мен моно­полияға қар­сы мекеме басшы­ларына тапсырды. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.