Өткен жылы өңірге индустрияландыру бағдарламасы бойынша осыншама теңге бөлініпті
Жетісу жерінде өткен жылы 10 іргелі жоба жүзеге асты. Және мыңға жуық адам жұмысқа тартылып, әлеуметтік жағдайларын көтерді.
Қазіргі кезде 2011-2014 жылдарды қамтитын жобалардың тиянағын келтіру көзделіп, 28 жобаға жалпы құны 1 триллион 590 млрд. теңге қажеттігі анықталып отырса, оның 13-і республикалық индустрияландыру, 15-і аумақтық картаға енгізілген. Бағдарлама толық шешімін тапқанда, өңірде 17 мың жұмыс орны ашылатын болады. Ал жалпы өткен жылы аталған бағдарлама бойынша өңірге 18,3 млрд. теңге бөлінсе, оның тиімділігі мен пайдасына нақты көз жеткізіліп отыр.
Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.