Былтыр осыншама қаржыға тең тәртіп бұзушылықтар тіркелген
Облыстық қаржы бақылау инспекциясы былтыр түрлі меншіктегі 347 нысанның есеп-қисап жұмыстарын тексеріп, 7489 миллион теңгенің түрлі тәртіп бұзушылықтарын анықтады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылға қарағанда айтарлықтай азайғанымен, мақсатсыз жұмсалған қаражаттың орнын толтыру жайы көңіл көншіте бермейді. Бюджетке қайтарылғаны – бар-жоғы 168,6 миллион теңге. Орын алған кемшіліктерді жою мақсатымен 370 ескерту жіберілсе, олардан орын-далғаны – 347 ғана.
Әкімшілік шара қолдану туралы 54 қаулы шығарылып, 4 миллион 344 мың теңге өндірілген. Құқық қорғау орындарына 510 миллион теңгенің тәртіп бұзушылығы жайлы 53 хаттама тапсырылған. 19 қылмыстық іс қозғалып, 6 лауазымды тұлға сотталған. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану жөнінде сот органдарына 14 талап-арыз түсірсе, қанағаттандырылғаны – 9.
Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.