Облыстағы ірі өнеркәсіп орны – «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ үстіміздегі жылы өндірісті дамытуға осыншама теңге қаржы жұмсамақшы
Зауытта бірінші кезекте өнімнің өзіндік құнына ықпал ететін қуат үнемдеу технологиясын игеруге басымдық берілуде. Кәсіпорында өндірілетін өнім сапасы жақсарды. Мұнда өндірілетін өнімнің 95 пайызы алыс шетелдерге экспортқа шығарылады. Қазақстан, Ресей және Белоруссия арасында Кедендік одақ құрылғаннан кейін зауытқа сырттан әкелінетін шикізаттың жеткізілу мерзімі анағұрлым қысқарды. Бұл зауыттың ырғақты жұмыс істеуіне алғышарт жасап отыр.
Ал өндірісті дамытуға қаралған жоғарыдағы қаржыға жаңа нысандар салу, шлам тоғандарын жөндеу және қайта жарақтандыру, сөйтіп, қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздік техникасын жақсарту, жұмысшылардың денсаулығын сауықтыру көзделуде. Кәсіпорын жаңа жылдың басынан жұмыс қарқынын арттыра түсті.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.