• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2011

Ауылдарды аралауға аттанды

355 рет
көрсетілді

Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы атынан Қазақстан Республикасы президенттігінен үміткер ретінде ұсынылған орталық комитет хатшысы Ж.Ахметбековтің кандидаттығын қолдау қоғамдық штабында болып, Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының бірінші хатшысы Дәукен Темірбаевтан сайлауалды саяси шаралардың атқарылуы жайлы сұраған едік. – Партия атынан ұсы­ныл­ған үміткеріміздің танымал­ды­лығын арттыру және сай­лау­алды бағдарламасын сол­түс­тікқазақстандықтарға жеткізу мақсатымен құрылған штаб­тың құрамына белсенді адамдар тартылып отыр. Мә­селен, Нүрикан Шаукенова штаб жұмысын үйлестіріп отырса, Ақбөпе Бәйтенова идео­логиялық-ақпараттық жа­ғын қамтамасыз етеді. Уақыт өткен сайын пікірлестеріміз молая түсуде. Сенім білдірілген адамдар  мен үгітші-на­сихатшылар іріктеліп, меке­ме-кәсіпорындарды тынбай аралап жүр. Белгіленген жерлерге кандидаттың суреттері мен тұғырнамасы жазылған пла­каттар ілініп, жергілікті БАҚ-тардың да мүмкіндігін пайдаланудамыз. Кеше штабта ЕҚЫҰ және қоғамдық ұйымдар өкілдері­мен кездесу өткізіп, сайлау жай­лы пікірлер алыстық. Олар да сайлаудың әділ де ашық өтеріне сенімді. – Ж.Ахметбековтің сай­лау­алды тұғырнамасы ау­қым­­ды көрінеді. Оны облыс жұртшылығына таныс­ты­рып үлгересіздер ме? – Ол партия атынан түсіп отырғандықтан, саяси ұйым­ның ұстанымын айқындары анық. Ал ҚКХП-ның көз­қа­ра­сы айқын. Президенттік сай­лау кезінде партия тұғыр­на­масының негізгі де басты қағидаттарын жұртшылыққа ұсынамыз. Баса айтаты­ны­мыз, әлеуметтік-экономи­ка­лық бағыттарға үлкен басым­дық беріледі. Бұл орайда, бас­тауыш партия ұйымдары да басты тірегімізге айналады. Сөз арасында, президенттікке кандидаттың солтүстік аймақ­тар­ды аралап, Қызылжар өңірінде де кездесулер ұйым­дастыратынын айта кеткен жөн. Мұның өзі сайлау до­да­сын қыздырып, сайлауалды ша­раға үлкен екпін берері сөзсіз. – Атбасын аудандарға да бұратын шығарсыздар? – Әрине, елді мекен тұр­ғын­дарымен кездесіп, олар­дың жағдайларын тереңірек білу, проблемаларын зерделеу – күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Айтылған ой-пікірлерді жинақтап, Үкі­мет­ке ұсынатын боламыз. «Үгіт-насихат пойызы» шара­сы аясында арнайы көлік жаб­дықталып, ауылдарды ара­лау­ға аттанып кетті. Оның құ­рамындағы үгітшілеріміз бен белсенді топтарымыз халық­шыл-коммунистің бағдар­ла­ма­сымен таныстырып, үнпа­рақ­тар, суреттер, плакаттар таратумен айналысады. Басқа да міндеттерді жүзеге асыру қарастырылған. Әңгімелескен Өмір ЕСҚАЛИ. Петропавл.