• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2011

Көңіл көңілден су ішеді

687 рет
көрсетілді

Қайырымдылық қашанда адам жанын мерейлендіретін, ізгілікке бастайтын қасиет. Ал, оның өзі мұқтаж жандарға көрсетіліп жатса, тіпті  ғанибет. Ісі оңға басқан қаладағы «ЖерсуПауэр»  ЖШС осындай жақсылыққа жол салып келеді. Кәсіпорын 2004 жылы Қытайдан атамекеніне оралған текелілік Еркін Рахым­баев­қа тігін мәшинесін сыйлап, отбасын қуантты. Еркін жол апатына ұшырап, бірінші топтағы мүгедек болып, тағдыр тәлкегін басынан өткізуде. Бірақ қай­сар азамат қиындыққа мойымай кәсібімен шұғыл­да­нып, зайыбы Зылиха екеуі үш бала тәрбиелеуде. Еркін мен Зылиха ұлттық қолөнерді жаңғыртып, көздің жауын алатын түскиіз, текемет басып, сырмақ, көрпе-жастық, кесте тігіп, тұтынушылардың алғысын алып келіпті. Олардың қолынан шыққан әртүрлі моншақпен әдемі зерленген сыйлық заттар мен төр көрпе қыз жасауын толықтыратынын да айтқан жөн. Олардың осы кәсіппен айналысқанына көп жыл болыпты. Ұлттық нақыштағы заттар көбіне қол еңбегімен жасалынатындықтан зор төзімділікті қажет етеді. Кәсіпорын сыйлаған тігін мәшинесі енді жұмысты едәуір жеңілдететін болды дейді Еркін. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.