• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қараша, 2016

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

284 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстанда 3,9 балдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Қазақ ұлттық деректер орталығы. "Деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес 2016 жылы 17 қарашада Астана уақытымен 08.13-те Шығыс Қазақстан облысында Сорвенов ауылынан 7 шақырым жерде, Зыряновскіден 164 шақырым жерде және Зайсаннан солтүстік-шығыста 185 шақырым жерде жер сілкінісі болды", - делінген хабарламада. Орталық мәліметінше, жерасты дүмпуінің эпицентрі: солтүстік ендік градусы 48.90, шығыс ұзақтығы 86.14 градус. Магнитудасы mpv=3.9. Энергетикалық класы К=9,5. Тереңдігі h=16 шаршы шақырым.