• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қараша, 2016

Алматы әуежайында рейстер кешігуде

388 рет
көрсетілді

Ауа райының қолайсыздығынан Алматы Халықаралық әуежайындағы бірқатар рейстер кешігуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Онлайн-таблода хабарланғандай, Алматыдан Ақтөбеге ұшуы тиіс Air Astana компаниясының КС865 рейсі және Үржарға ұшатын ZXA529 рейсі уақытша тоқтап тұр. Алматыға Астанадан келуі тиіс Scat Airlines DV704 рейсі, Шымкенттен келетін Air Astana KC792, Астанадан келетін Air Astana КС672, Павлодардан Air Astana КС308 және екі халықаралық - Бангкоктан Air Astana КС932 мен Мәскеуден келетін Air Astana КС872 рейстері кешігеді. Үржардан ZXA5030 рейсі тоқтатылды. Түнде Алматыға қар жауды, ауа температурасы -7 градус.