• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2011

Әскерилер отбасылары баспаналы болды

442 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласында орналасқан №30238 әскеи бөлімі аума­ғында әскерилер үшін арнайы салынған бес қабатты 140 пә­терлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Бірнеше жылдан бері пәтер жалдап келген әскерилер отбасылары «өз үйі, өлең тө­сегіне» қол жеткізіп бір жасап қалды. Қысқа мерзімде салын­ған бұл тұрғын үйдің пә­тер­лері жайлы, кең, жоспарлануы да жақсы. Әскерилердің қоныс тойына тұспа-тұс келген  Қорға­ныс министрінің орынбасары Әсет Құрманғалиевтің,  Қауіп­сіз­дік кеңесі хатшысының орын­ба­са­ры, Қауіпсіздік кеңесі хат­шы­лығының меңгерушісі Қозы-Көрпеш Жаңбыршиннің және Ақтөбе гарнизонының бастығы, полковник Оразбек Әлмұхам­бе­тов­тің қолынан жаңа пәтер­лердің кілттерін алған әске­рилердің қуа­нышында шек жоқ. Солардың бірі Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі бас­қар­­­масының қызметкері, майор Тимур Жұқабаев. Кезінде сар­баз­ды  құтқарамын деп бір аяғынан айрылса да әскери сапта қалып, әскери антқа адалдық танытқан ол II дәрежелі  «Айбын» орденімен  марапат­тал­­ған-ды. Он жеті жылдай  пә­тер жалдап тұрған Ти­мур Жұ­қабаев екі бөлмелі бас­панаға ие болды. Жаңа үйде қо­ныс той­лаушылардың қай-қайсы да мұндай құрметке лайықты жандар. Осы үйден баспаналы бол­ғандардың басым бөлігі бұған дейін  пәтер жалдап, баспана қиындығын көргендер.  Мұндай қуаныш халықаралық әйелдер мерекесі күні қарсаңында жаңа пәтерге қоныстанушы әскери­лер­дің жұбайларына  арнайы жасалған сыйлық іспетті болды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.