• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қараша, 2016

Моненің картинасы 81 миллион долларға сатылды

280 рет
көрсетілді

Клод Моненің "Бір мая шөп" ("Стог сена") атты картинасы 81 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды "Российская газета". Бұл сурет 1891 жылға жатады. Моненің бұған дейінгі ең қымбатқа сатылған суреті 80,4 миллион долларға бағаланған еді. Қазір оның орнын жоғарыдағы картина алмастырды. Аукционда сатылған суреттердің ішінде Василий Кандинскийдің соңғы рет 50 жыл бұрын сатылған 1935 жылғы жұмысы да ресейлік суретші үшін рекордтық көрсеткішке жетіп, 23,3 миллион долларға сатылды. Christie’s аукционына бұлардан басқа Поль Сезанн, Пабло Пикассо, Анри Матисс секілді суретшілердің жұмыстары қойылған.