• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қараша, 2016

9 айда 7,2 трлн теңге несие берілді

219 рет
көрсетілді

Банктердің экономикаға кредиттерінің қалдығы ағымдағы жылы өзгерген жоқ – 12,7 трлн. теңге. Алайда, 2016 жылғы 9 айда берілген кредиттердің көлемі 525 млрд. теңгеге ұлғайып, 7,2 трлн теңге болды. Бұл жөнінде бүгін ҚР Парламентінің Сенатында сөз сөйлеген ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Д.Ақышев мәлімдеді. Ұлттық Банк басшысы сондай-ақ теңгемен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің қаңтардағы 23,7%-дан қыркүйекте 16,3%-ға дейін төмендегенін атап өтті, деп хабарлайды Ұлттық Банктің баспасөз қызметі. «Ұлттық Банк қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмысын жалғастыратын болады. Ел экономикасындағы дағдарысты құбылыстар сақталған жағдайда Ұлттық Банк қаржы нарығын реттеудің қарсы циклдық сипатын ұстанады, банк секторының жағымсыз жағдайларға орнықтылығына үнемі бағалау жүргізетін болады», – деді Д. Ақышев.