• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қараша, 2016

Түркістанда Әзірбайжан тарихи-мәдени орталығы ашылады

456 рет
көрсетілді

18-қараша күні Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы елшісі Рашад Маммадов іс-сапармен келеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды egemen.kz Университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елші Рашад Маммадовтың бұл сапарының мақсаты – Ахмет Ясауи университетінде «Әзербайжан тарихи-мәдени орталығын» ашу туралы меморандумға қол қою. Меморандум негізінде алдағы уақытта мәдени және білім бағдарламалар үлгілерінде бірлескен жобаларды жүзеге асыруды тараптар мақсат етіп отыр. Сондай-ақ, бауырлас мемлекеттер арасында өзара мәдени, рухани байланыстар орнату, әлеуметтік маңызы бар жобалар мен іс-шараларды бірлікте ұйымдастыру көзделген. Сонымен қатар, ықпалдастықты қолдау аясында Қазақстанның білім беру, ғылым және мәдениет мекемелерінің, жастар ұйымдарының өкілдерімен ынтымақтастықты кеңейту жұмыстары төңірегінде келісімдер жасалмақ. Сондай-ақ, елші Р.Маммадов Ахмет Ясауи университеті студенттеріне лекция оқитын болады. Сапар барысында Әзербайжан елінен келіп білім алып жүрген студенттермен кездесу де жоспарланған.