• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2011

Жыр жинағы таныстырылды

595 рет
көрсетілді

Өлеңдерін орыс тілінде жа­затын белгілі ақын әрі режиссер, Қазақстан Республикасының ең­бек сіңірген қайраткері, Қазақ­стан Жазушылар және Кинематографистер одағының мүшесі Бақыт Қайырбековтің “Путь во­ды” деп аталатын жаңа жинағы өткен жылы Мәскеудің “Тезаурус” баспасынан жарық көрген бо­латын. Жақында Мәскеудегі Қа­зақстан елшілігінде осы кітаптың таныстырылу рәсімі бо­лып өтті. Ақын жинағы оның әр жыл­дары жазылған жырларынан тү­зіл­ген. Сонымен бірге, кітапқа жа­лпы руханият туралы, заман­дастары­ның шы­ғармалары жа­йын­да жа­зыл­ған тың эсселері де енгізілген екен. Тұсаукесер рәсімінде қазақ­стан­дық ғалым, профессор Н.Шай­мерденова, Ресей Халықтар досты­ғы университетінің ұстаздары, филология ғылымдарының докторы В.Синячкин, филология ғылым­дарының кандидаты Е.Кремерь, “Тезаурус” баспасының бас ди­ректоры В.Новицкий, Азия және Африка институтының профес­соры, тарих ғылымдарының док­торы А.Қадырбаев, “Қазақ тілі” қоғамының басқарма мүшесі О.Айшах, әдебиетшілер С.Дмитрюк, К.Тұрымова (Домбровская) және басқалар ақын шығарма­шы­лығы жө­нінде өз пікірлерін білдірді. Ақын Бақыт Қайырбеков бұ­дан кейін Мәскеудің “Библиоглобус” кітап дүкенінде өтіп тұратын автор­лардың дәстүрлі кездесуі аясында “Путь воды” жинағын басқа да оқырмандарға таныс­тырды. Серікқали БАЙМЕНШЕ , “Егемен Қазақстан” – Мәскеуден.