• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2011

Сағынышқа толы сазды кеш

404 рет
көрсетілді

Ақтауда М.Өскенбаев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен халқымыздың біртуар ұлдарының бірі,  халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, дәулескер күйші Қаршыға Ахмедияровқа арналған «Күй ұран» атты еске алу кеші болды. Осы бір сағынышқа толы сазды кеште Қаршығаның өнердегі досы, ағасы Сержан Шәкірат Есбайдың «Өттің дүние» күйін тебірене, толғана орындап, әйгілі өнерпаз жайлы естеліктер айтты. Одан әрі Абыл атындағы ұлт аспаптар оркестрі Қаршығаның «Алтын ұя» атты күйін әдемі орындады. Түбектің белгілі өнерпаздары Р.Айдарбаева, Г.Қолғанатов, Н.Мұсағалиев, С.Бо­ранова, Б.Төлембетов автордың сырға толы, сазды әуендерін шалқытты. Осы кеште әйгілі өнерпаздың екінші сазгерлік қырын жарқырата көрсеткен «Жер-ана», «Шабыт», «Ауылым», «Көктем сазы», т.б. әндерін өлкенің өнер жұлдыздары нақышына келтіре жеткізді. Еске алу кешінің соңы Қаршығаның «Күй ұран» күйімен аяқталды. Жиналған жұртшылық Қаршығаны сағынып-ақ қалыпты. Дегенмен, қазақтың қасиетті қара домбырасының сиқырлы да сазды үні сағыныш мұңын бір сәтке болса да сейілте түскендей әсер қалды. Жоламан БОШАЛАҚ, Ақтау қаласы.