• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2016

Доминикан Республикасында су тасқыны болды

221 рет
көрсетілді

Доминикан Республикасында су тасқыны болып, 42 мың адам эвакуацияланды, деп хабарлайды  "Вести.ru". Доминиканның ТЖ орталығының мәліметіне сенсек, 96 қала мен ауылды жерлермен байланыс үзіліп, 8348 үй су астында қалған. Сонымен қатар су тасқынының кесірінен 17 көпір құлаған. Ең қатты жапа шеккен Пуэрто-Плата, Мария-Тринидад-Санчес пен Гаспар-Эрнандес провинциаларында 19 уақытша жатақханалар құрылып, олар 1,5 мың адамды қабылдауға дайын. Метеорологтар бұл өңірде қатты жауын болады деп болжап отыр.