• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2011

www.kui.kz күй сайты ашылды

524 рет
көрсетілді

Сайттың негізгі мақсаты – хал­қымыздың баға жетпес қа­зы­насы, ата-баба мұрасы – күйді насихаттау. Иә, қасиетті қара дом­бы­раның шанағынан төгілген күй­дің сиқырлы күмбір үнінде қа­зақтың бүкіл болмысы жатыр де­сек, күй сайтының ашылуы игі­лікті іс болып отыр. Халық Құр­манғазы, Тәттімбет, Дәулет­ке­рей, Дина, Қазанғап, Сүгір жә­не де басқа күй алыптарының шығармаларын интернет арқылы тыңдап, сусындай алады. Сайтта еліміздің танымал дәу­­лескер күйшілері мен талантты жас күйшілері мейіріңізді қан­ды­рып, қазақтың күмбірлеген күй­ле­рін тартып қана қоймайды, сон­дай-ақ осында орналас­ты­рыл­ған «Күй дария» хабарында күй аңыздары мен тарихына терең тоқталады. Ең бастысы, көпшілік қалаған күйлерін енді интернет арқылы тыңдай алады. Жаңадан ашылған www.kui.kz сайтының ма­териалдары – му­зыка маман­да­ры­на, мұғалім­дер­ге, студенттер мен оқушыларға таптырмас кө­мек­ші құрал. Сайт­ты құрушылар онда орна­лас­тырылған күйлерді өз отан­дас­тарымызбен қатар шет елдерде тұратын қандастары­мыз­дың та­ра­пынан да жылы қа­был­да­на­тындығына сенімді. Айбатыр СЕЙТАҚ.