• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2011

Зағип жанға қолдау

572 рет
көрсетілді

Өзгенің көмегі мен мейіріміне зәру, мүмкіндігі шектеулі жандар күнделікті өмірде жанымызда жүр. Олар тағдырдан жарым­жан­дықты қалап алмайды. Сон­дық­тан ондай жандардың өмірге деген құштарлығы мен еңбек­қор­лық, ізденімпаздық қасиеттерін ұштау үшін айналадағылардың ая­лы қамқорлығы қажет. Мүмкіндігі шектеулі осындай жандардың бірі – Гүлһая Жуанбаева 1989 жылы Сызған ауыл­дық әкімшілігіне қарасты Қайнар елді мекенінде дүниеге келген. Сәби кезінен көзінің нашар кө­ре­тіндігіне байланысты 1-топтағы мүгедек болуына қарамастан, кі­тапты саусағымен қиялай оқып, жыр жолдарын жадында сақтап, ән өнеріне деген ықыласымен мек­тепішілік, аудандық және об­лыстық түрлі байқауларда биіктерден көрініп жүрген талапты жас. Гүлһая көркемсөзді мәнерлеп, жатқа оқумен қатар, әуелетіп ән де шырқайды. 2008 жылы елі­міз­дің Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өткен 5-ші республикалық «Магнификат» бай­қауына қатысып, 1-ші орынды же­ңіп алды. Бұл Гүлһаяның өнер­дегі көп жетістіктерінің бірі ғана. Талантты да табанды жас өт­кен жылы Шымкент қаласын­дағы облыстық арнайы кітапханада брайльша оқып, жазуды үй­рене отырып, жоғары оқу орнына түсуге тыңғылықты дайындалды. Алға қойған мақсаты орындалып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қа­зақстан мемлекеттік универси­те­ті­нің ақылы бөліміне студент бо­лып қабылданды. Қазіргі таңда осы оқу орнының «педагогика жә­не мәдениет» факультетінде оқи жүріп, өзін үздік студент ретінде танытуда. Кейіпкеріміздің отбасы жағ­дай­ына келсек, ата-анасы жұмыс­сыз. Осы жағдайды ескерген біз аудандық орталық кітапхана та­ра­пынан аудан әкімі Берік Мей­ірбековтің қабылдауында болған­быз. Берік Қуанұлы бұл мәселеге мұқият көңіл бөліп, мүмкіндік қа­растыруға ықылас танытқан еді. Аудан басшысының тапсы­руы­мен аудандық «Ардагер» қоғам­дық қо­ры­ның президенті Амалбек Мұса­бек демеушілер тауып, олар жи­на­ған қаржы Г.Жу­ан­ба­еваның 2010-2011 жылғы оқуына аударылды. Адам тағдырына айрықша назар аударып, сергектік танытып отырған аудандық мәслихат хат­шы­сы Аманғали Аймырзаев Гүл­һая­ның Қайнар ауылында тұра­тын әкесі мен анасына жұмыс тауып беру шараларын іздестіруде. Ал біз қамкөңіл жандарға жы­лы сөздері мен мейірімдерін ая­ма­ған басшы азаматтарға зағип қыз­дың өзі мен отбасы әрі тілеулес жандардың бәрінің атынан ал­ғыс айтуды жөн көріп отырмыз. Айман БАЛТАБЕКОВА, Созақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкері. Оңтүстік Қазақстан облысы.