• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2011

«Қазақтың 100 әні» – «Қазақстан» телеарнасының Тәуелсіздіктің 20 жылдығына тартуы

1169 рет
көрсетілді

Жуырда «Қазақстан» телеарнасы Тәуелсіздігіміздің 20 жыл­дығына орай кезекті жаңа жобаның тұсауын кеспек. Ұлттық арна теңдесі жоқ деп отырған жобаның сахна сыртындағы оқиғаларын алдымен БАҚ өкілдері тамашалаған. Халқымыздың музыкалық м­ә­дени мұрасының арғы-бер­гі­сін түгендеп, ұлықтау мақса­тын­да қолға алынып отырған жоба халық әндерінен бастап, сал-серілердің, қазіргі заманғы ком­позиторлардың да ең танымал туындыларын қамтитын болады. «Қазақтың 100 әні» теле­жо­ба­сы өз көрермендерін төрт ай бойы түрлі қызықтарға толы ән кештерімен қуантпақ. Жоба ба­ры­сында ұрпақтан-ұрпаққа мұра бо­лып қал­ған туындылармен қа­тар, заман­дастарымыздың да ән­дері шы­р­қалады. Әуезді әндерді орын­дай­тын­дардың да тізімі кө­ңіл қуан­тады. Атап айтар бол­сақ, Нұржа­мал Үсен­баева, Майра Мұ­хамед­қызы, Роза Рымбаева, Ескендір Ха­сан­ғалиев, «ДосМұқа­сан», «Жігіттер» тобы, сон­дай-ақ Қыдырәлі Бол­манов, Қа­рақат Әбіл­дина, Бауыржан Исаев, Мәдина Сә­дуа­қасова сынды басқа да өнер май­тал­мандары танымал ән­дер­мен тың­дармандарды қауы­ш­ты­ра­ды. Соң­ғы жылдары «Шақыра­ды көк­тем» атты ән кештерімен ел жү­регін баурап келген Роза Рым­баеваға жобадағы ең алғашқы ән­ді орындау бұйырған. Бір айта кететін жайт, Алма­ты­дағы Solo клубында «Қазақтың 100 әні» атты жобаға қатысу­шы­ларға кастинг өтті. Бағдарлама түсіріліміне қазақ жерінің түкпір-түкпірінен келген екі жүзге жуық кез келген салада қызмет ететін, кез келген жастағы өнерсүйер қауым қатысты. Кастинг өз мәресіне әлі жеткен жоқ. Ұйымдастырушылар бұл жобаға қызықты да тартымды адам­дарды әлі де іздестіруде. Кастинг – жай көрермен жи­науды көздемейді. Қазақ өнері мен мәдениетінен хабардар, білімді жан­дарды бақтарын сы­нау­ға ша­қы­рып, шығар­машы­лық­қа жа­ны жа­қын, өнер десе іш­кен асын жерге қоятын жан­дарды ынта­лан­ды­рады. Олар тек түсірілімге қа­ты­сып қана қой­май­ды, теледу­ман­ның нәтиже­сі­­не де ықпал ете алады. Студия қонақтары қазақтың ән­деріне қатысты сұрақтарға жауап береді, сөйтіп сол бағдар­ла­маға қа­ты­сатын сүйікті жұлды­зы­мен ән айту мүмкіндігіне ие болады. Бағдарламада неғұрлым көп сұраққа дұрыс жауап беріп, аудиториядан көп дауыс жинаған адам жеңіске жетеді. Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.