• Ресей АҚШ-та үкім күтіп жатқан кәсіпкер Виктор Бутты шпиондық жасады деп айыпталған Ресей қорғаныс министрлігінің бұрынғы офицері Андрей Хлычевпен айырбастамайтынын мәлімдеді. Оған, В.Буттың ешқашан мемлекеттік қызметте істемегені себеп көрінеді. Бірақ Ресей тарабы өз азаматына жәрдемдесуден бас тартпайтынын ашық айтып отыр.
• Ливияда азамат соғысы жалғасуда. Елдің табиғи байлығы мол аудандары қолдан-қолға көшіп жатыр. Күн өткен сайын опат болғандар саны да өсе түсуде. Биліктен кететін ойы жоқ Муаммар Каддафиге қатысты Франция мен Англия бастаған Еуропа елдері қандай шара қолдану керектігі жөнінде пікір таластыруда.
• Ресейдің Украинаға сататын газының бағасы 2011 жылы 1 мың текше метрі үшін 300 доллардан асып кетуі ықтимал. Бұл туралы Украинаның энергетика және көмір өнеркәсібі министрінің орынбасары Владимир Макуха хабарлады. Ресей жағы мұның себебін әлемдік рынокта мұнайдың, басқа да отын түрлерінің бағасы өскенімен түсіндіріп отырған көрінеді.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.