Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде депутаттардың ұлттық компаниялар, холдингтер және бизнес құрылымдары басшыларымен кездесуінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілік мәселелері сөз болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Комитет төрағасы А.Бижанов талқылауды аша келіп, Президент Н.Назарбаевтың қатысуымен 2008 жылғы қаңтарда Жезқазғанда болған республикалық форумда қол қойылған Әлеуметтік еңбек қатынастары саласындағы келісімді жүзеге асыру аясындағы осы кездесудің маңыздылығын атап өтті.
Негізгі баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Әбдіқалықова экономиканы жаңғырту мен халықтың әл-ауқатын жақсартудағы әлеуметтік жауапкершілік ісіне бизнестің қатысу мәселелеріне назар аударды.
Кездесуге қатысушылар осы саланы жетілдіру жөнінде бірқатар сындарлы ұсыныстар айтты.