• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2011

Әлеуметтік жауапкершілік – әл-ауқат негізі

721 рет
көрсетілді

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде депу­тат­тар­дың ұлттық компаниялар, холдингтер және бизнес құры­лым­дары басшыларымен кездесуінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілік мәселелері сөз болды, деп хабарлады осы пала­та­ның баспасөз қызметі. Комитет төрағасы А.Бижанов талқылауды аша келіп, Президент Н.Назарбаевтың қа­тысуы­мен 2008 жылғы қаң­тарда Жез­қазғанда бол­ған республикалық форумда қол қойылған Әлеу­мет­тік еңбек қаты­настары сала­сын­дағы келісімді жү­зеге асыру ая­сындағы осы кез­де­судің маңыз­дылығын атап өтті. Негізгі баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Әбдіқалықова экономиканы жаңғырту мен ха­лықтың әл-ауқатын жақсарту­да­ғы әлеуметтік жауапкершілік ісіне бизнестің қатысу мәселелеріне назар аударды. Кездесуге қатысушылар осы саланы жетілдіру жөнінде бір­қа­тар сындарлы ұсыныстар айтты.