• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2011

Палатаның қарауына жіберілді

338 рет
көрсетілді

Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінде «Қазақстан Респуб­лика­сы­ның кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Рес­пуб­ликасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын та­лап­тарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қа­былдау құзыреттерін қайта қа­рау мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқы­ланды. Заң жобасымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне жеке кәсіп­керлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңмен қолда­ныстағы заңнамалық актілер сәйкестендірілетін болады. Атап айтқанда, ол тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілер ие­рар­хиясына, сондай-ақ кәсіп­кер­лікті қолдайтын мемлекеттік қаржы құралдарын кеңейтуге қатысты болып отыр. Заң жобасымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», «Ха­лық денсаулығы және ден­саулық сақтау жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасын­да-ғы Кеден ісі туралы», Жер, Су, Орман, Экология және Еңбек кодекстеріне өзгерістер енгізілетін болады. Түзетулер, соны­мен қатар, «Қазақстан Респуб­ли­касындағы мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару ту­ралы», «Әкімшілік процедуралар туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Мемлекеттік бақы­лау және қадағалау туралы», «Ойын бизнесі туралы» заң­дарға да енгізіледі. Заң жобасы палатаның қа­рау­ына жіберілді, деп хабар­ла­ды Парламент Сенатының баспасөз қызметі.