• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

Конфедерация кубогына қатысатын дзюдошылар анықталды

355 рет
көрсетілді

2016 жылдың 3-4 желтоқсан күндері Алматы қаласында «Балуан Шолақ» спорт кешенінде спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы кубогы (Бұдан әрі – Конфедерация кубогы – Авт.) болады. Бұл туралы Қазақстанның дзюдо федерациясы хабарлады. Тұңғыш рет бокс, күрес, дзюдо және таеквондо (WTF) спортынан бірлескен командалық жарыстың жалпы жүлде қоры - 125 млн. теңге. Конфедерация кубогы үшін қатысушылар жеребе арқылы төрт топқа бөлінген. Әр топта 4 облыстың спортшылары финалдық бәсеке үшін барын салды. «А»  тобында Қызылорда облысы мен Алматы облысы, сонымен қатар Астана және Алматы қаласының дзюдошылары ақтық жолдама үшін белдесті. Нәтижесінде дзюдодан Қызылорда облысының спортшылары мықтылығын дәлелдеп, топтан суырылып шықты. ШҚО,  БҚО, СҚО және Ақмола облысының дзюдошылары «В» тобынан берілетін  жолдамаға таласып, нәтижесінде бұл топтан ШҚО-ның спортшылары үздік деп танылып, Алматыда өтетін жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Рио Олимпиадасының қатысушылары Дидар Хамза мен Жансай Смағұлов та басты бәсекеден тыс қалған жоқ. Жеребе бойынша екі облыс спортшылары, атап айтқанда, Қарағанды облысы мен ОҚО  спортшылары бір топқа түскен. Сондай-ақ, бұл топта Павлодар облысы мен Қостанай облысының дзюдошылары да бар. Төрт облыс ішінен Қарағандының спортшылары қырағылық танытып, Конфедерация кубогының жартылай финалында белдесетін болды. Маңғыстаудың дзюдошылары, Ақтөбе облысы, Атырау облысы және  Жамбыл облысының  спортшылары «D» тобында күш сынасты. Бұл топтан іріктеу кезеңінен іркілмей шыққандар - Жамбыл облысының жүйріктері.