• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

Ұлттық агроөнеркәсіптік палатаға жаңа басшы сайланды

337 рет
көрсетілді

«Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер Қауымдастығы құрылтайшыларының жалпы жиналысында Орталық кеңес төрағасы А.Игібаевтың ұсынысымен Мәсімов Қажымқан Қасымұлы «Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасының» президенті болып сайланды, деп хабарлады ҚазАқпарат. «Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасының» вице-президенті болып Әбубәкіров Серік Абдулахметұлы сайланды. «Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы» 2009 жылы қыркүйек айында фермерлік қоғамдық бірлестіктер мен «Қазақстан агроодағы» ұйымының базасында құрылған.