• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

Бүгін таэквондо тарланының дүниеге келген күні

351 рет
көрсетілді

Бүгін белгілі спортшы Мұстафа Өзтүрік дүниеге келген. Осыдан 62 жыл бұрын (1954-1995) белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6-шы дан иегері, Қазақстан Республикасы таэквондо федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Өзтүрік Мұстафа дүниеге келді. Ыстанбұлдағы орта мектепті бітіріп, Тайвандағы экспериментальды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірген. Осы елде жүріп корейдің көне спорт өнері таэквондоны үйренді. Кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Ыстанбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыға келіп, таэквондо мектебін ашты. Алматы қаласында 2000 жылы Өзтүрік Мұстафа атына көше беріліп, ескерткіш белгі қойылды. Ал 2004 жылы Өзтүрік Мұстафаның 50 жасқа толған мерейтойы қарсаңында Алматы облысы Талғар ауданының Бесағаш ауылында ескерткіші ашылды.