• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

Қазақстан IT-коммуникация бойынша Ресейден алда

721 рет
көрсетілді

Электр байланысының халықаралық кеңесі кеше ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жаңа даму көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтар орталығы. Қазақстан IT-коммуникацияның дамуы бойынша әлемдік рейтингте 52-орында тұр. Алғашқы бестікке Корея Республикасы, Исландия, Дания, Швейцария мен Ұлыбритания кірген.

Бір айта кетерлігі, Қазақстан ТМД елдері ішінде бұл көрсеткіш бойынша үшінші орында тұр. Әлемдік рейтингте Беларусь 31-ші, Ресей 43-орынға жайғасып, ТМД ішінде сәйкесінше бірінші және үшінші орын алды. Баяндамада 2016 жылдың соңына қарай жер шарының 95 пайызы ұялы байланыс сигналдарымен қамтылатыны айтылған. Сарапшылардың айтуынша, планетамыздағы 15-74 жастағы адамдардың 85 пайызы ұялы байланысты қолданады. Сонымен қатар әлемнің 47 пайызы Интернетке қосылған және 3,9 млрд адам оны мүлдем қолданбайды.