• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2011

Бірауыздан қолдауға шақырды

453 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Нұрлан Нығма­тулин бастаған сайлауалды үгіт-насихат тобының мүшелері 11 наурызда Қызылжар өңіріне атбасын тіреді. Оның құрамында елімізге белгілі қоғам және саяси қайраткерлер, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, «Қазақстан-2020» жалпыұлттық демо­кратиялық күштер коалициясының өкілдері болды. Погодин атындағы орыс драма театрында өткен кездесуге облыс жұртшылығы, ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, кәсіподақ белсенділері қатысты. Жиынды «Нұр Отан» ХДП об­лыс­тық филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Әлі­бек Қартов ашып, бірінші сөзді Н.Нығ­ма­ту­лин­ге берді. Нұрлан Зай­роллаұлы өз сөзінде еліміздің Тәуелсіздік ал­ған­нан бергі 20 жыл ішінде қол жеткен табыс­тарын атап көрсетті. Облыс халқын сай­лауға белсене қатысуға, Н.На­зар­баевтың канди­да­турасын бір­ауыз­­дан қолдауға шақырды. Залға жиналғандар «Әділет» де­мократиялық партиясының төр­ағасы Мақсұт Нәрікбаевтың сөзін де ұйып тыңдады. Ол өз сөзінде алдымызда үлкен тарихи таңдау тұр. Мемлекетіміздің, халқымыз­дың болашағын айқындайтын ке­зең. Олай болса, таңдауда қателес­пейік, деді. «Ауыл» социал-демо­кра­тиялық партиясының жетекшісі Ғани Қалиевтың залға қарата айт­қан толғамдары да жалынды шық­ты. Ол «мен Қызылжардың қасиет­ті топырағын талай рет бастым. Бұл өңірдің халқы шетінен еңбек­қор. Егіншілік саласындағы тола­ғай табыстарының өзі неге тұрады? Биылғы президенттік сайлауда да үлкен ұйымшылдық танытып, бірлік, ынтымақ, достық үшін дауыс береді деген сенімдемін, десе, сенатор Қуаныш Сұлтанов та әңгімені тереңнен өрбітті. Жиында «Қазақстан азамат­тық альянсының» төрайымы, Пар­­л­амент Мәжілісінің депутаты Ай­гүл Соловьева, Қазақстанның Ең­бек Ері Геннадий Зенченко, Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков сөйлеп, бір кісідей дауыс беруге жұмыл­дырды. Түстен кейін коалиция мү­ше­лері үш топқа бөлініп, об­лыс, аудан тұрғындарымен жүз­десулер өткізді. Жүк вагондарын шығару­мен айна­лы­сатын «ЗИКСТО» зауы­тының ұжымы коалиция мүше­ле­рін құшақ жая қарсы алып, сай­лауды үлкен саяси белсенділікпен өткізетін­де­рін айтты. «Зенченко және К» командиттік серіктес­тігі­нің жұмыс­шы-қызметкерлері қо­ғам­дық сай­лауалды үгіт-насихат топ мүше­лері­не атқарылып жат­қан игілікті істер жайлы баяндап берді. Таң­дау­дан қателеспей­тін­деріне сендірді. Петропавл қала­лық мәдениет үйін­де өткен кездесу де әсерлі болды. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.