• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

«Қазақстан халық банкінің» жаңа ғимараты ашылды

308 рет
көрсетілді

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Қазақстан Халық Банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павлов пен басқарма төрағасы Үміт Шаяхметовамен кездесті. Тараптар, өзара әңгімеде Оңтүстіктің әрбір үшінші тұрғыны аталған банктің тұтынушысы екенін алға тартып, оның елдің экономикасы мен халықтың әл-ауқатын көтерудегі үлесіне тоқталды, деп хабарлайды BNews.kz. «Қазақстан Халық Банкінің» елге қызмет көрсету жөнінен көшбасшы банктердің бірі екеніне тоқталған өңір басшысы бүгінгі ашылатын жаңа ғимараттың заман талабына сай қызмет ететініне сенім білдірді. Өз кезегінде, мәртебелі меймандар да аймақ басшысына алғысын білдіріп, екіжақты бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. «Қазақстан Халық Банкінің» бүгінгі ашылған жаңа ғимараты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына жасалған әдемі сый деп есептеймін. Бүгінде халқымызға 40-тан астам филиалдары арқылы қызмет етіп жатқан банк ұжымы әрбір тұтынушыға лайықты қызмет көрсетеді деп ойлаймын. Қаржылық институттардың ішінде абыройлы көш бастап тұрған «Халық Банкіндегі» қызмет көрсету түрлерінің көбейіп, сапасы артатынына кәміл сенімдімін», – деді құттықтау сөзінде Ж.Түймебаев. Қазіргі таңда Банктің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалдарында 700-ге жуық мамандар еңбектенуде. Қызметкерлердің еңбек жағдайларын барынша жақсарту үшін және аймақтағы бизнестің даму сұраныстарына сай келуі үшін банктің топ-менеджменті филиалдың жаңа офиске көшуі туралы шешім қабылдады. Соңғы 12 жылда 8 аймақтық филиалдарында, атап айтқанда, Ақтөбе, Қарағанды, Астана, Қостанай, Семей, Павлодар, Өскемен және Шымкент қалаларында жаңа ғимараттардың құрылысы жүргізілді. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Қазақстан Халық Банкі» қазақстандық коммерциялық банктер арасында кірісі мол банк болып табылды. Банктің Қаржылық институты Fitch Ratings-дан BB; Standard&Poor`s-дан BB және Moody's Investors Service-тен Ва2 халықаралық рейтингтік агенттіктерден берілген, қазақстандық Екінші деңгейлі банктер арасындағы рейтингі ең жоғарылардың бірі болып табылады. 2016 жылдың шілде айында Euromoney халықаралық басылымында Халық банкі үздік қаржылық институты деп танылды. Ал осы жылдың қыркүйек айында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қайырымдылардың рейтингіне еніп, қазақстандық коммерциялық банктерінің арасында 1-ші орынды иеленді. Сонымен қатар, Vlast интернет-журналының нұсқасы бойынша «Елдің 25 ірі қайырымдылық жасаушылары» рейтингіне кірді.