• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Қараша, 2016

Ауыр атлетика федерациясы ресми мәлімдеме жасады

490 рет
көрсетілді

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы жүлделерінен айырылған Илья Ильинге байланысты мәлімдеме жасады.

Халықаралық олимпиада комитеті қазақстандық атлетті 2012 жылғы Лондон және 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының жүлделерінен айырғаны белгілі. Мұндай шешім Ильиннің допинг-сынамаларынан тыйым салынған заттардың табылуына байланысты болды. «А» және «В» сынамаларын қайта сараптау қорытындысы бойынша ХОК-тың тәртіптік комиссиясының шешімімен спортшының жетістігі жоққа шығарылып, ол жүлделері мен дипломдарынан айырылды. Мұның алдында ҚР Ауыр атлетика федерациясының бастамасымен қазақстандық спортшылардың сынамаларын қайта тексерудің қорытындысын бірнеше ай зерттеген қорғаушылар мен зертханалық сарапатама саласының мамандарынан топ құрылған болатын. «Дегенмен танымал мамандар допинг-сынаманы қайта тексеруден кемшілік таппады. Осының салдарынан қазақстандық атлеттердің олимпиадалық жетістіктерін қорғап қалуға еш мүмкіндік болмады. Ал қорғаушылар тобы спортшының әлемдік және құрлықтық біріншіліктерде ұтқан жүлделері мен атақтарын қорғауды жалғастырады. Сонымен бірге, ауыр атлетті жарысқа қатыстырмау жазасын жеңілдетуге тырысады. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жарысқа қатыстырмау мерзімі туралы шешімді жақын арада қабылдайды», – делінген федерация хабарламасында. Осы жылдың маусым айында 28 жастағы спортшы осы жағдайларға байланысты 2016 жылғы Олимпиадаға қатыса алмады.

Соңғы жаңалықтар