Алматы орталық мешіті мұсылмандардың Мәуліт мерекесіне орай, «Мәңгілік өнеге – әз Мұхаммед Мұстафа ﷺ» деген тақырыпта Мұхаммед пайғамбардың ﷺ өнегелі өмірінен сыр шертетін бейнероликтерге бәйге жариялайды, деп хабарлады muftyat.kz.
Бас жүлде – қажылық.
Бәйге шарттары:
Бейнеролик мазмұны Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өнегелі өмірі, көркем мінезі, мұсылмандардың оған деген сағынышы мен оның ізгі амалдарын жалғастыруға ынталандыру бағыттарында болуы;
Бейнеролик уақыты 3 минут пен 7 минут арасында болуы;
Жоғары сапада (HD 1080px1920p) сақталуы;
Бәйгеге қатысатын ролик еш жерде жарияланбаған болуы;
Бейнероликті kmdbkz@gmail.com электронды мекен-жайына 5 желтоқсанға дейін жіберу керек.
Бәйге қорытындысы ҚМДБ Мәуліт мерекесінің кешінде жарияланады.