• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

Илья Ильин спорттан кететінін мәлімдеді

416 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада және төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин спорттық мансабын аяқтап, енді бар күшін білім алуға жұмсайтынын айтты. «Бос уақытты белгілі мақсатта пайдалану керек. Менің спорттық мансабым өкінішті болса да, осымен аяқталды. Бұл есікті жауып, келесі есікті ашу керек. Алайда келесі кезеңге өту үшін білім керек. Сондықтан, мен МВА-ға түсуді жөн санадым. Біз 2 ғасыр өмір сүрмейміз. Бар жоғы 1 ғасырға жетер жетпес уақыт пешенемізге жазылған. Сондықтан барлығын уақытында істеу керек», - деді әлем чемпионы. Осы орайда Илья Ильин алдағы жоспарларымен бөлісті. «Мен ағылшын тілін үйреніп жатырмын. Жақында МВА-ға түстім. Әзірше бір сабақта ғана болдым. Оқу 9 желтоқсанда басталады. Ағылшынды көтеруім керек. Сенбі, жексенбі күндері тағы сабақ оқимын. Менің ойымша, бұл болашақта керек. Себебі, алдағы уақытта мен бизнестің не екендігін білуім керек. Зілтемір көтеруден басқа да нәрселерді үйренуім қажет. Яғни білімсіз, тәжірибесіз өз мақсатыңа жете алмайсың», - деді танымал қазақстандық спортшы. Сонымен қатар Илья Ильин министрліктегі жұмысынан кететінін айтты. "Мен адал жұмыс істедім. Бұл анализдер "сен жұмыс істей алмайсың" деп жатыр. Ойлана келе, қазір жұмысымды қойып, ойымды жинақтау керекпін деп шештім.Алдыма мақсат қойып, бағытымды анықтап, содан кейін мені жұмысқа алуды сұраймын. Мен бір керемет болады деп күтіп едім. Бірақ олай болмады. Сондықтан әзірге өтініш жазып, қорытынды жасауға асықпау керек деп ойлаймын", деді Ильин. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Халықаралық Олимпиада комитетінен 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы Илья Ильинге қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алған болатын. Спортшыға қолданылатын жазаның мерзімін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) анықтайды.      
Соңғы жаңалықтар