• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2011

Миссия басшысымен жүздесті

347 рет
көрсетілді

Кеше «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы, Қазақстан президенттігіне кандидат Мэлс Елеусізов ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының еліміздегі президенттік сайлауды байқаушылар миссиясының басшысы Даан Эвертспен кездесті. Кездесу Астанадағы ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының ғимара­тын­да өтті. Президенттікке кандидат пен миссия басшысының кездесуі өзара түсіністік жағда­йын­да өтіп, оның барысында науқанға қатыс­ты мәселелер сөз болды. Осы ретте миссия туралы бірер сөз айта кеткен ләзім. Ол елімізде үстіміздегі жылдың 3 сәуірінде  кезектен тыс өтетін президенттік сайлау барысын байқау үшін құрыл­ған. Оның құрамында 15 сарапшы болса, олар Алматы және Астана қа­лаларында шоғырланатын бола­ды, сонымен қатар, жер-жерде сай­лауға дейін бір ай қалғанда 28 ұзақ мерзімді байқаушылар да жұмыс істейді. Аталған миссия ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің атынан 400 қысқа мерзімдік байқаушы жіберуді көздейді. Миссия сайлаудың ЕҚЫҰ прин­циптеріне және халықаралық демократия үлгісіне сәйкестігін, соны­мен қатар, мемлекет заңнамасына сәйкестігін бағалайтын болады. Бай­қаушылар сондай-ақ саяси үгіт жұмыстарының барысын, сайлау заңнамасының сақталуын, бұқара­лық ақпарат құралдарында жария­лануы жағдайын, сайлау комис­сия­лары мен басқа да маңызды мемлекеттік құрылымдар жұмысын жан-жақты бақылайды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.