"Сандық Қазақстан" бағдарламасының аясында пойыздар 2G (сымсыз телефон технологиясы) жүйесімен қамтылады. Бұл туралы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен өткен сарапшылар кездесуінде Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев айтты.
«Біз тәуелсіздік жылдары барлық жерлерде байланыс орнаттық. Оны сандық жүйеге өткізіп, ұялы байланыс енгіздік. Ірі қалаларда 4G, басқа аудан орталықтарында 3G бар. Енді "Сандық Қазақстан" бағдарламасының аясында темір жолдарының жиегінде 2G орнатуды қарастырып жатырмыз. Қазір сандық теңсіздіктен гөрі, жылдамдыққа байланысты ғана өзгешеліктер байқалады. Яғни, бір қалаларда интернет жылдамдығы аз, бір қалаларда көп. Біз бұл бағдарламаны мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жасадық", - деді министр.