• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2011

Алдағы іс-шаралар ізімен

391 рет
көрсетілді

Сырт­­қы істер министрлігінің ресми өкілі Ас­қар Абдрахмановтың дәстүрлі апталық брифингі болып өтті. Онда әуелі 15 жә­не 18 наурыз ара­лы­ғында Пекинде Шан­­хай ынты­мақ­тас­тық ұйымы Хат­шы­лығында аталған бір­лестіктің Ұлт­тық үйлестіру­шілер кеңесінің (ШЫҰ ҰҮК) кезекті отыры­сы өтетіні жария етілді. Алдағы бас­қосуда Астанада ма­мыр­­да өтетін Шан­­хай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министр­лері­нің кеңесі мен 15 мау­сымда өтетін Ұйым­ның мерей­тойлық Сам­митін қо­са ал­ғанда, 2011 жылдың бірінші жар­ты жыл­ды­ғында Ұйым ая­сындағы негізгі іс-шараларды өткізу мә­се­лелерін талқы­лау жоспарланып отыр екен. Ресми өкіл келесі кезекте 16 нау­рыз­да Астанада Орталық сайлау ко­мис­­сия­сы­ның  ғимаратында 2011 жы­лы 3 сәуір­де өтетін Қазақстан Респуб­ликасының кезектен тыс президенттік сайлауына байланысты Комиссия төр­ағасы Қуан­дық Тұрғанқұлов отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізетінін хабарлады. Ал 24 және 25 наурызда Астанада қазақ-американ жыл сайынғы саяси консультацияларының екінші оты­ры­сы өтпек. Шара барысында қауіп­сіз­дік, саясат, демократия мен адам құ­қық­тары, экономикалық және әлеу­мет­тік даму, энергетика салаларын­да­ғы екіжақты ынтымақтастықты тал­­қы­лау жоспарлануда, деді А.Абдрах­ма­нов. Қазақстан­дық тараптан кон­суль­­тациялардың тең төрағасы – Сырт­қы істер министрінің орынба­сары Қайрат Омаров, АҚШ та­рапы­нан – Мемлекеттік хатшының Оң­түс­тік және Орталық Азия бойынша кө­мекшісі Роберт Блейк жетекшілік ететін болады. Консультациялардың бірінші оты­­ры­с­ы 2010 жылы 8-10 наурызда Ва­шингтонда өтті. Қазақ-американ консультациялар тетігі былтыр ақпанда Қа­зақстанның Мемлекеттік хатшысы –  Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшы­сы Хиллари Клинтон қол жеткізген уағ­­да­ластыққа сәйкес бастама алған-тын, деп қорытты брифингті ресми өкіл. «Егемен-ақпарат».