• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 23 Қаңтар, 2017

Кадрлық жұмысты жетілдіру ісі жалғастырылуы тиіс

3141 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолинді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесуде А.Смолин Мемлекет басшысына Жоғары Сот Кеңесінің 2016 жылғы жұмысының нәтижелері, сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру барысында судьяларды іріктеу ісін оңтайландыру жөнінде мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Сот Кеңесінің жаңа ереже мен қабылданған заңға сәйкес сапалы кадрларды іріктеу бағытында жүргізіп жатқан жұмысының ерекше рөлін атап өтіп, оның қызметіне басқа органдардың араласуына жол берілмейтінін айтты.

– Біз толық объективтілік болу және араласпаушылық талабы сақталу үшін алғаш рет автономды Жоғары Сот Кеңесін құрдық. Қазір судьяларды жаңа ережелер мен жаңа заңға сәйкес іріктеп жатырмыз, – деді Қазақстан Президенті.

А.Смолин судьяларды іріктеу тәртібі мен біліктілік талаптарын қатай­туды көздейтін Ұлт жоспарының 17-қада­мының орындалуы туралы баяндады.

– Жүргізілген жұмыстар қоры­тын­дысы бойынша судья лауазымына елеулі кәсіби және өмірлік тәжірибесі бар тұл­ғалар тағайындалады, – деді А.Смолин.

Сондай-ақ, Жоғары Сот Кеңесінің төр­ағасы Судьялардың VII съезінде Қазақ­стан Президенті қойған міндеттерді орындауға қатысты жұмыстар туралы хабарлады.

Мемлекет басшысы кездесу қоры­тын­­дысы бойынша сот жүйесіндегі кадр­­лық жұмысты жетілдіру ісін жалғас­тыруды тапсырды.