• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2011

Телефон арқылы сөйлесті

386 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысымен халықаралық өзекті мәселелерді, оның ішінде Мағриб елдеріндегі, Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы жағдайды талқылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Пан Ги Мун Қазақстанның бел­сенді және сындарлы сыртқы саяси қызметі үшін ризашы­лы­ғын білдірді. Атап айтқанда, БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалығын және осы ұйымның саммитін Астанада жоғары деңгейде өткіз­генін атап көрсетті. Пан Ги Мун Қазақстан Пре­зи­дентінің Қасым-Жомарт Тоқаев­ты БҰҰ жүйесіндегі басшылық қызметке ұсыну туралы ұсынысы БҰҰ тарапынан мұқият қарал­ға­нын хабарлады. Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті, ядро­лық қаруды таратпау режімін ны­ғайтуға қосқан айтулы үлесін, елдің әлеуметтік-экономикалық дамудағы және сыртқы саясат­та­ғы табыстарын ескере отырып, БҰҰ Бас хатшысы Қасым-Жо­март Тоқаевты БҰҰ-ның Жене­ва­дағы бөлімінің Бас директоры қыз­метіне тағайындау туралы шешім қабылданғанын айтты. Өз кезегінде, Нұрсұлтан Назарбаев Пан Ги Мунның 2010 жылы Қазақстанға жасаған екі сапарының маңыздылығын атап өтіп, БҰҰ Бас хатшысына 29 та­мызды Ядролық сынақтарға қар­сы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау туралы Қазақ­стан­ның бастамасына қолдау көрсет­кені үшін ризашылығын білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев Пан Ги Мунды Семей сынақ поли­гоны­ның жабылғанының 20 жыл­ды­ғына арналатын халықаралық кон­ференцияға қатысуға шақыр­ды. БҰҰ Бас хатшысы бұл ша­қыру үшін алғыс айтып, ұсы­нысты зейін салып қарауға уәде етті.