Елордада «Ұйымшыл аула біздің кандидатқа дауыс береді!» деген атпен акция ұйымдастырылды. Бұл шараға жас отбасылар, зейнеткерлер, жастар, үй шаруасындағы азаматтар, жеке кәсіпкерлер қатысты. Бір атап өтерлігі, мұндай бастамаға 100 аула, яғни 54 мыңдай сайлаушы қамтылды.
Бұл шараны ұйымдастырушылардың пікірінше, «Ұйымшыл аула біздің кандидатқа дауыс береді!» акциясының мақсаты – халықты жаппай үгіт-насихат шараларына қатыстырып, саяси науқан мен елімізде жүзеге асырылып жатқан бастамалар мен бағдарламалардың мән-маңызын насихаттау.
Шара барысында түрлі байқаулар мен ойындар ұйымдастырылып, патриоттық әндер орындалды. Сондай-ақ, байқаулар аясында сайлаушылардың барлық топтарына үгіт-насихат материалдары таратылды.
Жиын соңында Қазақстан халқына арналған Жолдау мен «Нұр Отан» ХДП-ның XIII съезінде айтылған мәселелер мен басым бағыттардың орындалу барысы жан-жақты түсіндірілді.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.