Қобда аудандық Мәдениет үйі жанынан ашылған фитнес-клубтың басты ерекшелігі – бірыңғай әйелдерге арналғандығында. Фитнес-клуб ашуды бұдан екі жыл бұрын аудан әкімі Любовь Исмағамбетова ұсынған. Игі бастаманың жүзеге асуына аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Айгүл Жұмағұлова мұрындық болды.
Спорт-сауықтыру нысаны ашылған күні-ақ 20 әйел клубқа ақысын төлеп, жаттығуға тілек білдірді. Аптасына екі рет бір сағаттан өтетін жаттығуларға ауыл әйелдері ерекше қызығушылық танытып отыр. Жаттығу залындағы құралдарды сатып алуға 236 мың теңге қаражат жұмсалған.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ.
Ақтөбе облысы.