• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2011

Емдеу мен ем алу құқы қаралды

384 рет
көрсетілді

Елімізде адам денсаулығы ең басты назарда тұратындығы белгілі. Бұл Конституцияда, «Халық­тың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексінде, Адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерде кепілдік берілген құқықтармен реттелген. Соған орай қазіргі уақытта ақ халатты абзал жандардың Гиппократ антына сай адал жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жа­са­лынуда. Әсіресе, заманауи меди­циналық құрал-жабдықтармен жә­не небір техникалармен қамта­ма­сыз етілген жаңа ғимараттар көп-теп салынды. Енді осы талаптарға сай білікті мамандар болса ден­сау­лық саласында ешбір мін ту­ын­дамауы керек секілді. Алайда, бүгінде дәрігерлік қызмет көрсету ісіне халықтан арыз-шағым жиі түседі. Өйткені, жоғарыда айтыл­ғандай, қолда заманауи жаңа құ­ралдар жеткілікті болғанымен олар­дың тілін білетін және антына сай халыққа қызмет көрсете ала­тын ақ халаттылардың тапшы­лы­ғы адам құқының бұзылуына әкеп соқтыратыны сөзсіз. Ата Заңымыз азаматтардың заң­да белгіленген денсаулығын сақ­тау, кепілдік берілген көлемдегі тегін медициналық көмек пен ақы­лы медициналық көмек және мемлекеттік, жеке емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медици­налық тәжірибемен айналысатын адамдардан ақылы медициналық көмек алу құқығын көздейді. Бұл орайда халықтың денсаулығы рес­пуб­ли­каның ұлттық қауіпсіздігін қамта­масыз етудің басты фактор­ла­ры­ның бірі болып табылады. Сон­дықтан да денсаулық сақтау сала­сындағы мемлекеттік саясат­тың негізгі қағидаттары мен міндеттері ел азаматтарының денсау­лығын қорғау, сапалы медици­на­лық қыз­мет көрсету және оларды мемлекеттік кепілдіктермен қамта­масыз ету конституциялық құқық­тарын сақтау болып табылады. Міне, осы мәселелерді бас­шы­лыққа алған Президент жанын­да­ғы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Сағынбек Тұр­сынов бастаған комиссия мүше­лері және Астана қаласы әкімдігі мен денсаулық сақтау басқарма­сы­ның өкілдері кеше Астана қала­сындағы №1 қалалық аурухана­ның оториноларингология және уро­логия бөлімдерін аралады. Он­дағы қызмет істейтін дәрігер­лер­мен әңгімелесіп, емделіп жатқан науқастармен сөйлесті. Өзгелеріне қарағанда бұл аурухананың жәй-күйі оң көрінеді. Дәрі-дәрмек жеткілікті. Барлық жағдай жасалған. Тек кең көсіліп қызмет істеуге қол­байлау болып тұрған ғимарат­тың тарлығы екен. Дегенмен, бұл мәселе де көп ұзамай шешімін тап­пақшы, дейді дәрігерлер. Ал жал­пы мамандардың аздығын ол­ар да жасырмайды. Мемлекет басшысы жанын­да­ғы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелері дәрігерлермен жә­не науқастармен әңгімелесу ба­рысында азаматтардың денсаулы­ғын қорғау және білікті меди­ци­налық көмек алуда конституция­лық құқықтарын қамтамасыз ету, дәрігерлер мен басқа да медиц­и­налық қызметкерлердің әлеумет­тік-құқықтық қорғалуына, олар­дың Ресейде (Мәскеу мен Санкт-Петербургте), Еуропалық Одақ елдерінде, Израильде біліктіліктерін көтеру мәселелеріне көңіл бөлді. Сонымен қатар, сапар барысында комиссия мүшелері елордадағы №1 қалалық аурухананың оң жұ­мыс тәжірибесін еліміздің басқа да емдеу мекемелеріне таратуға ұсы­ныс жасады. Үстіміздегі жылғы Жолдауда денсаулық сақтау мәселесіне ерекше назар аударылғаны белгілі. Осыған байланысты біз қазір қа­ладағы денсалық сақтау мекемелері мен ауруханаларды аралап, он­дағы дәрігерлер мен науқас жан­дардың жағдайымен танысу­дамыз. Мұндағы негізгі мақсат – науқас жандардың ем алу барысында кон­с­титуциялық құқықтарының қалай сақталып жатқандығына мән беру. Осы орайда ауруханада ем алып жатқан науқастармен сөйлестік. Олар қазіргі жағдай бұрынғыға қарағанда жақсарғанын айтады. Шешімін таппай жатқан проблемалар да баршылық екен. Солар­дың ішінде маман дәрігерлердің жетіспейтіндігі, жас мамандардың мұнда келмейтіндігі, ғимараттың тарлығы және т.б. мәселелер бар. Оларды шешу жолдарын қарас­ты­руға көмек қолын созамыз. Жал­пы, бұл іс-шара Президент Әкім­шілігі мен біздің комиссияның 2011 жылға арналған жұмыс жос­парына сәйкес жүргізіліп отыр, –дейді Сағынбек Тұрсынов. Сөйтіп, емдеу мекемесінде бол­­ған осы сапарда жиналған тың мә­ліметтер комиссияның Мемлекет басшысының қарауына ұсына­тын «Қазақстан Республикасын­дағы адам құқықтарының ахуалы тура­лы» жыл сайынғы баяндама­сының «Азаматтардың денсаулы­ғын қор­ғау­ға және білікті меди­циналық кө­мек алуға конститу­ция­лық құ­қық­тары» бөліміне енгізілмек. Александр ТАСБОЛАТОВ.